Су - баға жетпес байлық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

7-сабақ «Су – баға жетпес байлық»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
  • Оқылым үдерісінде оқушылардың дыбыстық-әріптік және әріптік-дыбыстық қатынастарды дұрыс игеруін, қазақша дыбыстарды өз мәнерімен айта білуін қадағалауды ұмытпаңыз;
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде логикалық қабілетін дамыту мақсатымен «Ойна да ойла» атты ойын ойнатыңыз. Ойын шарты: оқушылар шеңберге тұрады, әр қайсысына сөздер таратылады, үш сөздің бірі тақырыпқа қатысты емес, соны оқушы табу керек. Бағалау: смайлик беріп жігерлендіріңіз.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында тірек болатын сөздерді (құдық, дәм) суретке қарап өз сөзімен (переифраз) түсіндіру арқылы меңгертіңіз, түсінбеген оқушыларға суретін көрсетіп түсінігін сұрап, мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Тақырыпқа қатысты ұсынылған ресурс көздері:

Мәтінмен жұмыс:

  • «Су – баға жетпес байлық» атты мәтінді «Бірлесіп оқу» әдісімен оқытыңыз.
  • Плакаттарға жазылатын сөздерді оқушылар «Бірлесіп оқу» барысында жинақтайды да, бөлімнің қалған сабақтарында толықтырыңыз. Мысалы, асыл, қор, құнды, баға жетпес;
  • Оқушылардан су туралы не білетіндерін және нені білгілері келетінін екі тізімге жазуды сұраңыз;
  • Оқушылар материалды бөлім барысында қолдану үшін «Су – баға жетпес байлық» тақырыбына байланысты кітаптар және вебсайттар дайындаңыз;
  • Берілген тапсырманы барлық сабақтарда әртүрлі мәтіндермен қайталатыңыз.

Шығармашылық жұмыс:

  • «Синквейн» әдісі орындау барысы: оқушылар өз ойын қорытындылау үшін тек 11 сөзді қолдану қажет. Ол бес жолдан тұрады, ал әрбір жол саны және сөз таптары белгіленген сөздерден құралады.
  • Бірінші тармақ – негізгі ойға байланысты 1 зат есім.
  • Екінші тармақ – негізгі ойға байланысты 2 сын есім.
  • Үшінші тармақ – негізгі ойға байланысты қимылды білдіретін 3 етістік.
  • Төртінші тармақ – тақырыпқа байланысты 4 сөзден тұратын сөйлем.
  • Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас 1 сөз.

Бағалау:

Оқушылардың төмендегі дағдыларын бағалаңыз:

  • оқыған мәтін бойынша сұрақтар қоюын;
  • мәтіндегі негізгі идеяны түсінуін;
  • арнаулы сөздікті қолдануын.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу