Су - баға жетпес байлық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 7-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Су - баға жетпес байлық | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және түсіндіреді. Оқушылардың кейбірі: сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және қолданады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Лексикалық минимум | Дәм, құдық | |||||
Грамматикалық минимум | Зат есім, сын есім, етістік | |||||
Құндылықтарды дарыту | Судың құндылығын ұғындыру | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||
Бастапқы білім | Суды ластамау | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Қызығушылықты ояту «Ойна да ойла» ойыны Тапсырма: Тақырыпқа қатысты емес артық сөзді тап және түсіндір. Үшінші артықты тап 1. сағат, минут, апта 2. тапсырма, жаттығу, ойын 3. ит, тауық, үйрек 4. жаңбыр, найзағай, боран 5. қайың, шырша, үстел 6. әріп, кітап, дәптер 7. шаршы, шеңбер, ойыншық 8. өзен, жер, көл 9. бала, немере, үй 10. су, тамшы, күн 11. жұлдыз, гүл, ай 12. сөйлеу, айту, ойлау Сабақтың мақсатымен таныстыру •жиі қолданылатын сөздер мен фразаларды түсінемін; •мәтіннің негізгі ойын анықтаймын. | Слайд | ||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Жаңа сөздерді меңгерту Құдық, дәм сөздерін басқа сөздермен, сипаттаумен түсіндір Мысалы: Құдық – ой, су, ішу, тарту, алу, жердің астында Дәм – тамақ, тәтті, ащы, тұзды, ауыз, сезу, тату, көру Ой шақыру (Ұ) «Суды қадірле!» қысқаметражды мультфильмді мұқият қарап, түсінігіңді айт. Оқылым тапсырмасы: (ЖЖ) «Су – баға жетпес байлық» атты мәтінді оқы. Су - тіршілік көзі. Барлық тіршілік иелерінің ағзасында да су бар. Мысалы адам ағзасының 86%-ы судан тұрады. Құдықтағы табиғи су таза, түсі мөлдір, дәмі жоқ. Өзендегі су ластанған. Сондықтан өзеннің суын ішуге болмайды. Мәтінді сұрақ-жауап арқылы талқыла. а) Су неге «құнды байлық» деп саналады? ә) Неліктен ол бізге қажет? б) Құдықтағы су қандай? в) Өзеннің суы қандай? Кері байланыс Тапсырманы кіммен және қалай орындадың? Сергіту сәті: Оқушылар әнді, биді бірге орындайды Оқылымнан кейнгі тапсырма: (Ж) Шығармашылық жұмыс. Сөздікті пайдалана отырып, су туралы өлең құрастыр. Мысалы: «Синквейн» әдісі 1. Су. 2. Мөлдір, табиғи. 3. Ішеді, шомылады, жуады. 4. Судың пайдасы өте көп. 5. Тіршілік. Кері байланыс. Смайликтер арқылы жүргізіледі. Дифференциация: Қабылдау деңгейі орташа оқушылар сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және түсіндіреді. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінеді және қолданады. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=xLIvDNbS_7I Таратпа материал https://www.youtube.com/watch?v=Wm9XPTLZ_g4 | ||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Суға тапшы ел жайлы ақпарат іздестір. | Слайд | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?