Бұлақ және өзен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

5-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұлақ және өзен

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.4.1.1 тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа қатысты сөздерді табады, үлгі бойынша тірек сөздермен мәтін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында қолданады, үлгі бойынша мәтін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

тақырыпқа қатысты сөздерді табады, сөйлеу барысында еркін қолданады, мәтінде шылауды орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

  • тақырыпқа қатысты тірек сөздерді табады;
  • тірек сөздерді орынды қолданады.

Лексикалық минимум

Бұлақ, өзен

Грамматикалық минимум

Шылаулар

Құндылықтарды дарыту

Табиғат жайлы ұғымдарын толықтыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Таза бұлақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Бұл ойын түрі бір-бірін құрметтеуге баулиды.

Қызығушылықты ояту

«Екінші буынымды тап!»

- Көптік жалғауын жалғасаң көбейеді.

- Барыс септігін жалғасаң шомыласың.

- Зат есім жұрнағын жалғасаң ішесің.

- Сын есім жұрнағын жалғасаң суланасың.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

тақырыпқа қатысты тірек сөздерді таба аламын;

тірек сөздерді орынды қолданамын.

  Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздерді меңгерту

(сөздерді дыбысталуы арқылы меңгерту)

Бұлақ сарқырап ағады

Өзен шуылдап тасиды

(мысалдармен бекіту)

1-тапсырма

(ЖЖ) «Пирамида» әдісі» бойынша жеңілден күрделіге қарай сөйлем құрастыр.

Қолданылатын сөздер: өзен, бұлақ, ағады, тасиды, сарқырап, шуылдап, таза, мөлдір.

Мысалы:

1. Бұлақ.

2. Таза бұлақ.

3. Таза бұлақ ағады.

4. Таза бұлақ сарқырап ағады.

1. Өзен.

2. Мөлдір өзен.

3. Мөлдір өзен тасиды.

4. Мөлдір өзен шуылдап тасиды.

Кері байланыс

Тапсырма саған пайдалы болды ма?

Сергіту сәті:

Оқушылар әнді бірге орындайды

2-тапсырма

(Т)

  • Берілген тірек сөздерді орынды қолдана отырып сөйлем құрастыр.
  • Сөйлемдерді жүйелі қолданып мәтін жинақта.
  • Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын айт.

1. Адамдар, және, өзенді, бұлақты, ұстайды, таза.

2. Ауылдың, бар, шетінде, бұлақ.

3. Әкем, көреді, аулағанды, балық, жақсы.

4. Бұлақтың, құйылады, суы, ағып, өзенге.

5. Балықтар, мекендейді, өзенде.

Дескриптор

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдерден жүйелі мәтін жинақтайды.

Кері байланыс.

«Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

Дифференцация:

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

тірек сөздерді орынды қолданады, мұғалімнің қолдауымен сөйлемдерден мәтін жинақтайды.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

тірек сөздерді орынды қолданады, сөйлемдерден мәтін жинақтайды.

Слайд

https://www.google.kz/

дыбыстар

https://www.youtube.com/watch?v=Wm9XPTLZ_g4

Таратпа материал

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

«Бұлақ көрсең көзін аш» мақалды қалай түсіндіресің?

Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу