Таза бұлақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (ОМЖ)
7-бөлім: Су – тіршілік көзі
4-сабақ «Таза бұлақ»
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және тілдік бағдар дағдыларын қалыптастыру көзделеді.
Сабақта ұстанатын қағидалар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
- Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Сабақ психологиялық жағымды ахуалды орнатудан басталады. Сынып оқушыларымен «Менің көңіл-күйім» жаттығу жүргізіледі. Әр оқушы алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салып, ортада бөліседі. Бұл жаттығудың мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу болып табылады.
- Оқушылар сурет арқылы ой шақыртып, тақырыпты болжатыңыз;
- Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
- Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту:
- Сабақ барысында тірек болатын сөздерді (бұлақ, су, өзен, сусын) мақал-мәтел арқылы меңгертіңіз. Түсінгенін сұрап, ойларын тексеріңіз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.
Оқылым:
- Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» атты әңгімесі алынған, мәтіндегі қиын сөздер оқушы түсінетіндей қысқартылған немесе балама сөздермен ауыстырылған (түп нұсқасын ала аласыз);
- Оқушы мәтіннің мазмұнын толық түсіну үшін мәтінді оқып отырып «Түртіп алу» әдісін қолданады. Мысалы, түсінбеген сөздердің астын сызады, түсінбеген ойдың қасына сұрау белгісін қояды, түсінген ойдын қасына қанат белгісімен белгілейді;
- Сынып өзара талқылайды, рөлдерге бөліп мәнерлеп оқиды, содан кейін оқушы кестені толтырады;
- Сыныпта шағын топтармен жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасаңыз (мысалы, оқушыларды деңгейлеріне қарай бөліңіз).
- Оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылардың өзіндік ойлауын дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беретін мазмұндық диалогты қамтиды;
- Оқушылар оқылған мәтіннен жіктеу есімдіктерінің септелуін тауып белгілеп, түсіндіреді.
- Егер оқушы жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгермесе, еске түсіріп ЕРЕЖЕ түрінде, мысалдармен бере аласыз.
Сергіту сәті:
https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM
- «Көңілді күн» әнiнің атты бейнеклипін көрсетіңіз;
- Ұзақтығы – 2 мин.;
- Арнайы мәтін сөзін беріп қажеті жоқ, оқушыларға бірнеше сабақта көрсеткен соң жаттап, бірге орындайтын болады.
Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Рефлексия адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?