Таза бұлақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


4-сабақ «Таза бұлақ»

Оқылым тапсырмасы: (Т) Мәтінді мәнерлеп оқы. Кестені толтыр.

Атауы

Кейіпкері

Ойы

Сен кімнің ойын қолдайсың? Неге?

Мәтін:

Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездесіпті. Бұлақтың суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Бұлақтың басына біреу үлкен тасты орнатып, тасқа жазу жазыпты:

- Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп болған соң, жазуды оқиды.

Саудагер айтты:

- Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйтіп бара үлкен өзен болып кетеді. Мен мұны былай түсінемін: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді.

Екінші жолаушы молда екен:

- Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы мынандай: бұл бұлақ бәріне көмектесуге дайын, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Осыдан қорытынды: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді.

Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрады.

Жігіт айтты:

- Мен ойлаймын: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп түсіп, лай-қоқыс болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмайды; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта,- деді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(ЖЖ) Сұрақтың көмегімен «мен» және «сен» сөздерін өзгерте отырып, диалогті оқы.

- Сен (кімге?) кімнің шығармасы ұнайды?

- Мен (кімге?) Ыбырай Алтынсариннің шығармалары ұнайды. Ал сен (кімнің?) сүйікті шығармаң қандай?

- Мен (кімнің?) сүйікті шығармам - "Таза бұлақ". Өйткені бұл әңгіме шынайы болуға үйретеді.

- Мен (кімде?) Ыбырай Алтынсариннің кітабы бар. Кітапта әңгімелер өте көп.

- Керемет! Кітапты мен (кімге?) бере аласың ба?

- Әрине, ал.

- Рақмет!

Дескриптор:

  • сұрақтың негізінде жіктеу есімдіктерін өзгертіп айтады


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу