Таза бұлақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 4-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Таза бұлақ | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен мәтінді мәнерлеп оқып, үлгі бойынша жіктеу есімдіктерінің септелуін қолданады. Оқушылардың көпшілігі: мәтінді мәнерлеп оқиды, жіктеу есімдіктерінің септелуін үлгі бойынша қолданады. Оқушылардың кейбірі: мәтінді мәнерлеп оқиды, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша/жазбаша тілде еркін қолданады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Бұлақ, сусын | ||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Жіктеу есімдіктері | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Су | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру «Менің көңіл-күйім» жаттығуы Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салып, ортада бөліседі. . Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Ой шақыру Сұрақ - Суретте не бейнеленген? - Бұлақтың суы қандай болады? Сабақтың тақырыбын болжау Сабақтың мақсатымен таныстыру •мәтінді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи аламын; •сөйлеуде жіктеу есімдіктерін ауызша қолдана аламын. | Слайд | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Оқылым алды тапсырмасы: (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Бос орынға керекті сөзді жаз. Дауыстап оқып, мазмұнын түсіндір. 1. .................... да сұрауы бар. 2. ................... тартылса құс қашар.3. .................. көрсең көзін аш. Керекті сөздер: Судың, көл, бұлақ Оқылым тапсырмасы: (Т) Мәтінді мәнерлеп оқы. Кестені толтыр.
Мәтін: Үш жолаушы бір бұлақтың басында кездесіпті. Бұлақтың суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Бұлақтың басына біреу үлкен тасты орнатып, тасқа жазу жазыпты: - Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!,- деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан су ішіп болған соң, жазуды оқиды. Саудагер айтты: - Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады, бара-бара кеңейіп, үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйтіп бара үлкен өзен болып кетеді. Мен мұны былай түсінемін: сен де, адам, тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып мұратыңа жетесің дегені ме деп білемін, - деді. Екінші жолаушы молда екен: - Жоқ, мен олай ойламаймын, бұл жазудың мағынасы мынандай: бұл бұлақ бәріне көмектесуге дайын, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның сусынын қандырады, ол үшін ешкімнен ақы сұрамайды. Осыдан қорытынды: біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек,- деді. Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, үндемей тұрды. Жолдастары: «Сен не ойлайсың?» - деп сұрады. Жігіт айтты: - Мен ойлаймын: бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп түсіп, лай-қоқыс болса, бұған адам мен хайуан мұнша ынтық болмайды; бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта,- деді. Кері байланыс Шығарма неге үйретеді? Сергіту сәті: Оқушылар әнді бірге орындап билейді Оқылымнан кейінгі тапсырма: (ЖЖ) Сұрақтың көмегімен «Мен» және «Сен» сөздерін өзгерте отырып, диалогті оқы. - Сен (кімге?) кімнің шығармасы ұнайды? - Мен (кімге?) Ыбырай Алтынсариннің шығармалары ұнайды. Ал сен (кімнің?) сүйікті шығармаң қандай? - Мен (кімнің?) сүйікті шығармам - "Таза бұлақ". Өйткені бұл әңгіме шынайы болуға үйретеді. - Мен (кімде?) Ыбырай Алтынсариннің кітабы бар. Кітапта әңгімелер өте көп. - Керемет! Кітапты мен (кімге?) бере аласың ба? - Әрине, ал. - Рақмет! Дескриптор:
Кері байланыс. «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Дифференцация: Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: сұрақтың негізінде жіктеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен өзгертіп айтады Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: сұрақтың негізінде жіктеу есімдіктерін өзгертіп айтады | Слайд Таратпа материал http://bilim-all.kz/article/2409 https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы «Таза бұлақ» шығармасын оқып, өз сөзімен мазмұнда. | Слайд | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?