Су. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

3-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Су

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

3.1.5.1 тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Тірек сөздер негізінде оқиға желісін мұғалімнің қолдауымен болжап, мазмұндайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқиғаны болжайды, тірек сөздер негізінде оқиға желісін сурет арқылы мазмұндайды.

Оқушылардың кейбірі:

Оқиғаны болжайды, тірек сөздер негізінде оқиға желісін сызба арқылы мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

  • Оқиғаның соңын болжап айтады;
  • тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтады

Лексикалық минимум

Жағажай, ащы, бетінде

Грамматикалық минимум

Үндестік заңы, тәуелдік жалғауы

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортану аялауға баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Өзен және көл

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Мен саған сенемін» тренингі

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.

Сынып оқушыларының өзара бір-біріне деген сенімін арттыруға көмектеседі.

Ой шақыру

(Ұ) Мұғалім шағын бір ыдысты суға толтырып, ортаға қою арқылы оқушылардың ассоциация жасауын сұрайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

оқиғаның соңын болжап айтамын;

тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын айтамын.

 Слайд

 шыны ыдыс, су

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Тыңдалым алды тапсырмасы:

(Ұ) Жаңа сөздермен жұмыс

Берілген сөздерді суретпен немесе мағынасы қарама-қарсы сөздермен сәйкестендір.

жағажай, ащы, бетінде

Мысалы:

жағажай

бетінде

астында

тұщы

ащы

Тыңдалым тапсырмасы:

(ЖЖ) Үзіндіні мұқият тыңда. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсың? Суреттердің көмегімен мәтін құрап айт.

Ерте, ерте, ертеде бір бала өмір сүріпті.

Оның қайығы болыпты.

Бір күні су бетінде тұрған қайығы ағып кетеді.

Ол будың арасында сарқырамаға құлап кетеді.

Сарқырамадан аман қалып, суы ащы теңізге де жетеді.

?

Кері байланыс

Тапсырма қаншалықты қиын болды?

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Т) Берілген картаға сүйеніп, оқиғаның мазмұнын айт.

Тірек сөздер:

Бала, қайық, су бетінде, сарқырама, ащы су, теңіз толқыны, жағажай.

«Әңгіме картасы»

1-оқушы. Оқиғаның басын мазмұндайды.

2-оқушы. Оқиғаның ортасын анықтап, қорытынды бөлігін болжайды.

3-оқушы. Оқиғаның соңын өзгертіп айтады.

Дескриптор:

- оқиға желісін жүйелі әңгімелейді.

Дифференцация:

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

тірек сөздерді қолданады, оқиға желісін сурет арқылы мазмұндайды.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

тірек сөздерді қолданады, оқиға желісін сызба арқылы әңгімелейді.

Слайд

https://www.google.kz/search?rlz=1C1GGRV_enKZ762KZ762&biw=1366&bih=6

Су – тіршілік көзі (Қазақстан сулары)

http://www.youtube.com/watch?v=lG5IegVIKq4 – Су құпиялары

Таратпа мәтін, сурттер, сызба

https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Су қалай пайда болды? зертте.

Слайд

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу