Өзен және көл. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім «Су – тіршілік көзі»

Күні:

Сынып: 3

2-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өзен және көл

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту

3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша/жазбаша сөйлеу тілінде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Бас әріптер мен кіші әріптердің байланысын сақтап жазады, сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен ажыратады.

Оқушылардың көпшілігі:

Бас және кіші әріптердің байланысын сақтайды, сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу тілінде кейбірін қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

Бастапқы және кіші әріптердің байланысын сақтап жазады, сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажыратады, сөйлеу тілінде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

  • бас әріптер мен кіші әріптердің байланысын сақтап жазады;
  • сөздердің мағынасын ажыратады.

Лексикалық минимум

Өзен, көл

Грамматикалық минимум

Заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздер

Құндылықтарды дарыту

Қоршаған ортадағы табиғи байлықты бағалай білуге баулу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Өзен

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Түйсік» ойыны

Тапсырма: Қатысушы оқушылардың көздері матамен байланады. Олар қорапшадағы заттардың не екендігін және неден жасалғандығын тауып айту қажет.

Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту.

Қызығушылықты ояту

«Аустралия жаңбыры»

  • Аустралияда жел көтерілді

(оқушылар екі қолын көтеріп, қолдарын сермейді);

  • Жаңбыр тамшылады

(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады);

  • Жаңбыр қатты құйды

(оқушылар білегін сабалайды)

  • Бұршақ жауды

(оқушылар санын шапалақтайды);

  • Жаңбыр сіркіреді

(оқушылар білегін сабалайды)

  • Жаңбыр тамшылары азайды

(оқушылар саусақтарының ұштарын соғады).

(Оқушылар жаттығуды орындайды)

Сабақтың тақырыбын болжау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • бас әріптер мен кіші әріптердің байланысын сақтап жазамын;
  • сөздердің мағынасын ажыратамын.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздерді меңгерту

Өзен –

Көл –

ЖЖ «Өзен» мен «көлдің» ұқсастығы мен айырмашылығын ата.

  • Оқушыларды үш топқа бөліп орындатыңыз (білім деңгейлеріне немесе қабілеттеріне қарай);
  • Бірінші топ, сөздердің айырмашылығын түсіну үшін оқушылар дәптерлеріне өзен және көлдің суреттерін салады, астына олардың атауларын жазады (дүниетану сабағымен байланыстыру);
  • Екінші топ, ВЕНН диаграммасын пайдаланып, салыстырады;
  • Үшінші топ, дайын суреттерді сөйлем арқылы салыстырады;

Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз:

Әр суретті сипаттап айтқызыңыз (көлемі, ұзындығы, атауы, түсі, тереңдігі, дәмі т.б.).

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы жүргізіледі.

1-тапсырма:

(Ұ) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жаз.

Шарты:

Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жаз.

Қазақстанда 85 мың өзен бар. Ең ұзын өзен – Ертіс өзені. 48 мыңнан астам көлдер бар. Ең терең көл – Балқаш көлі. Ең суы тұщы көл – Марқакөл.

Қажетті сөздер: Қазақстанда, өзен, көлдері, Балқаш көлі, тұщы.

Бағалау:

оқушылар бір-бірінің жұмысын тексеріп бағалайды

Кері байланыс:

Тапсырма немен пайдалы болды?

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

2-тапсырма:

) Заттың атын, сынын, іс-қимылын білдіретін сөздердің мағынасын ажырат.

Сөздер: ұзын, терең, көл, мөлдір, таза, ағады, үлкен, ащы, тұщы, тайыз, лай, тұнық, өзен, су, тасиды, ішеді.

Кім? Не?

Қандай?

Не істейді?

Дескриптор:

  • сөздерді мағынасына сәйкес қолданады.

Дифференцация:

Қабілеті орташа оқушы:

сөздерді мағынасына дұрыс қолданады.

Қабілеті жоғары оқушы:

сөздерді мағынасын ажыратады және олармен сөйлем құрастырады.

Слайд

https://www.google.kz/search?q=өзен,+көл+суреттері&rlz

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Алма ағашы» әдісі Оқушыларға сабақ басында екі түсті алма беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Қазақстандағы ең үлкен көл, өзен туралы ақпарат дайында.

Слайд

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу