Өзен. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 1-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Өзен | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.3. Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау 2.3. Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тыңдаған материал бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мұғалімнінің қолдауымен мазмұндайды. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мазмұндайды. Оқушылардың кейбірі: Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сюжеттің даму желісін мазмұндайды және сұхбатқа қатысады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Лексикалық минимум | Ағза, айнала | ||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Не істеді? Қалай? сұрақтары | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаны сақтауға баулу | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||||||
Бастапқы білім | 6-бөлім: Атақты тұлғалар | ||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру «Оның есесіне мен...» жаттығуы. Барлық қатысушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды. - Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне мен .... . - Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне мен.... . - Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне мен.... . - Мен еден жууды ұнатпаймын, оның есесіне мен ... . - Мен да болған жоқпын, оның есесіне мен .... . - Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне...... . - Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне мен... - Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне ... - Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне мен ..... . -Осы жаттығу арқылы оқушы бойында өзіне деген сенімділік пайда болады. Ой шақыру (Ұ) «Су» сөзіне ассоциация жаса. Сабақтың тақырыбын болжау Сабақтың мақсатымен таныстыру | Слайд | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану Тыңдалым алды тапсырмасы: Жаңа сөздерді меңгерту
Тыңдалым тапсырмасы:
Өзен - су ағыны. Өзен баяу және жылдам ағады. Өзеннің суы адам ағзасына өте пайдалы. Ол өзен суымен бау-бақшаны суарады. Өзенде балықтар тіршілік етеді. Оның айналасында жасыл шөп өседі. Өзендер екіге бөлінеді: тау өзендері, жазық өзендері.
1) Өзеннің суы неге пайдалы? 2) Өзеннің жағасында не өседі? 3) Өзеннің суы қалай бөлінеді?
Дескриптор:
Кері байланыс: Өзен туралы не білдің? «Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Сергіту сәті: Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: (Т\ЖЖ) «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа қатысты бір-бірінен кезектесіп интервью алады. Олар төрт адамнан тұратын топтарға бөлінеді және жұптасады: А және Ә, Б және В. 1 – қадам А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады. 2 – қадам керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады. Қолданылатын сөздер: өзен, ағза, айнала, пайда, ағады, су Дескриптор:
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. Дифференцация: Қабылдау деңгейі орташа оқушылар: тақырып бойынша диалогке қатысады Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар: тақырып бойынша диалогке қатысады және сұхбат алушының ойын толықтырады. | Слайд https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM | |||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Әлемдегі ең үлкен өзен туралы ақпарат дайында. | Слайд
| |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?