13-сабақ. Тасқа сурет салған бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
13-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тасқа сурет салған бала
Сабақтың мақсаты:
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу
3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Тақырып бойынша диалогке қатысады.
- Тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын жазады.
Сабақтың басы
Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, дайындап келген әңгімелерін айтады.
Ой қозғау. Оқушылардың назарын сабақ тақырыбына аудартып, коммуникативтік қатынасқа тарту үшін «Өткен сабақта кіммен таныстық? Оның қандай туындылары бар? Әбілхан Қастеевтің музей-үйі бар екенін білесіңдер ме? Ол қай қалада орналасқан? », – деп балаларды қызықтырыңыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:
Тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау.
Берілген тақырып бойынша диалог құру.
Сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдану.
Оқылым. Жазылым. Оқушыларға мәтінді мұқият оқуды тапсырыңыз. Содан кейін мәтін бойынша суреттердің ретін тауып, сандармен белгілетіңіз. Бұл тапсырманы орындап болған соң, тастың беті, қашап салу, арқар, жұмсақ тас, жасау, ауыл адамдары деген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазуды тапсырыңыз. Дескриптор: мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды; жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады; тірек сөздерді орынды қолданады; сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.
Бір-бірін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалатыңыз.
Жазылым. Оқушыларға Әбілхан Қастеев, туынды, суретші, тұлға, қарындаш, бояу сөздеріне «Кім?», «Не?» сұрақтарын қойғызып, оларды екі бағанға топтастырып жазғызыңыз.
Оқылым. Оқушыларға кестедегі сөздерді сәйкестендіріп оқуды тапсырыңыз. Дескриптор: мағынасына қарай сөздерді дұрыс сәйкестендіреді; сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
атақты | сурет |
әдемі | тұлға |
ерекше | суретші |
дарынды | өнер |
көркем | туынды |
Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. Тақтаға берілген өлең шұмағын көрсетіп қойыңыз. Оқушыларға өлеңді оқытып тұрып, қимылдарды жасатыңыз.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Тыңдалым. Жазылым. Айтылым. «Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы» бейнематериалын (https://www.youtube.com/watch?v=rvhLMRWyGj8) мұқият көріп-тыңдауды тапсырыңыз. Тыңдалған материалға сай кестені толтыртыңыз. Тапсырманы орындауда оқушылар жауабын таппай, қиналып қалса, кестені толтыруға көмектесіңіз.
Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының құрылған жылы | Өнер мұражайының орналасқан қаласы | Мұражай залында қойылған өнер туындылары топтамасының пайызы |
Жауабы: 1935 жыл | Жауабы: Алматы | Жауабы: 35 пайыз |
Ай сайын мұражайда өтетін көрмелер саны | Мұражайдағы қоймалар саны | Мұражайда сақталған құнды заттар |
Жауабы: 6-ға жуық | Жауабы: 16 қойма | Жауабы: Ол жерде кескіндеме, графика, киіз, мата, былғары, ағаштан жасалған бұйымдар мен түрлі зергерлік әшекейлер сақталған. |
Тапсырманы орындап болған соң, кестедегі ақпаратқа сүйеніп, диалог құрастыруды тапсырыңыз. Диалог барысында мынадай тірек сөздерді қолдансын: өнер мұражайы, кескіндеме, графика, киіз, мата, былғары, бұйымдар, зергерлік әшекейлер, қазақ шеберлері, өнер туындылары, бейнелеу өнері.
Дескриптор: бейнематериал негізінде кесте толтырады; берілген ақпараттарды қамти отырып диалог құрастырады; сұхбаттасына сұрақтар қояды; сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді; сөйлеуде тілдік нормаларды сақтайды.
Үй тапсырмасы. Үйге оқулықтағы 6-тапсырмаға сай «Суретші болғым келеді» тақырыбында әңгіме құрауды тапсырыңыз.
Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. «Бағдаршам» әдісі арқылы балаларды коммуникативтік қатынасқа тартып, олардың сабақ тақырыбын: 1) өте жақсы, 2) жақсы түсінгенін немесе 3) толықтай түсінбегенін байқайсыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?