13-сабақ. Тасқа сурет салған бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, презентация.
Үй тапсырмасын тексерейік!
«Ашық микрофон» ойыны
Сабақтың тақырыбы:
Тасқа сурет салған бала
Сабақтың мақсаты:
- тақырыпқа қатысты ақпараттарды анықтау;- берілген тақырып бойынша диалог құру;- сөйлеу барысында тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолдану.Оқылым
Мәтінді мұқият оқы. Тапсырмаларды орында.
Әбілхан Қастеев кішкене кезінде алғашқы суреттерін тастың бетіне қашап салған. Тастың бетіне арқар, аттың суреттерін салған. Жұмсақ тастардан сырға, сақина, моншақ жасаған. Оның жасаған әдемі заттарын ауыл адамдары таласып алған.
Оқылым
Мәтін бойынша суреттердің ретін тап. Сандармен белгіле.
№ ...
№ ...
№ ...
Оқылым
Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаз.
Тірек сөздер: тастың беті, қашап салу, арқар, жұмсақ тас, жасау, ауыл адамдары.
Бір-біріңді бағала!
Жазылым
Әбілхан Қастеев, туынды, суретші, тұлға, қарындаш, бояу
«Кім?», «Не?» деген сұрақтар қойып, сөздерді екі бағанға топтастырып жаз.
Оқылым
Кестедегі сөздерді сәйкестендіріп оқы.
СЕРГІТУ СӘТІ
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
Тыңдалым. Жазылым
«Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы» бейнематериалын мұқият тыңдап, кестені толтыр.
Кестедегі ақпаратқа сүйеніп, жұбыңмен диалог құрастыр. Диалог барысында берілген тірек сөздерді қолдан.
Айтылым
Тірек сөздер: өнер мұражайы, кескіндеме, графика, киіз, мата, былғары, бұйымдар, зергерлік әшекейлер, қазақ шеберлері, өнер туындылары, бейнелеу өнері.
Оқулық,
6-тапсырма
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?