11-сабақ. Қазақтың қаһарман ұлы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 11-САБАҚ

 

  Сабақтың тақырыбы: Қазақтың қаһарман ұлы

 

  Сабақтың мақсаты:

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

 

  Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, микрофон, алма пішінді стикерлер.

 

  Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  мәтін мазмұнын түсінеді;
  •  тірек сөздер негізінде мәтін құрайды;
  •  сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлемдер құрайды.

 

Сабақтың басы

Үй тапсырмасы. «Микрофон» әдісі арқылы сұралады. Оқушыларға микрофон ұсыныңыз. Қолына микрофонды алған оқушы үй тапсырмасын айтады.

 Ой қозғау. Оқушыларға Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат беріп, өткен сабақты естеріне салыңыз: «Бауыржан атамыздың батыр, ержүрек адам болғандығын, жазушы болғандығын білеміз. Ол кісінің мінезі қатал, қайсар адам болған, өз ұлтын сүйген, ана тілін құрметтеген. Бүгін сол өткен сабақты жалғастырып, Бауыржан атамыздың басқа да қырларын білетін боламыз. Оның отбасымен, жазған туындыларымен танысамыз». Содан кейін жаңа сабақтың «Қазақтың қаһарман ұлы» деп аталатындығын айтыңыз.

 

Оқылым. Айтылым. Суреттерді интербелсенді тақтадан көрсете отырып, сөйлемдерді оқыңыз:

Бауыржан Момышұлының отбасы

Бауыржан Момышұлының ескерткіші

Бауыржан Момышұлының мұражайы. Астана

Оқушылар соңыңыздан қайталап отырсын. Кейін кезектесіп, оқушылар оқиды. Олар оқыған кезде орфоэпияның сақталуына мән беріңіз. «Қаһарман» сөзінің айтылуы мен жазылуына тоқталыңыз.

Тыңдалым. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз. Интербелсенді тақтадан тыңдалым мәтініне қатысты суреттер көрсетіңіз. Тыңдалым мәтіні:

Бауыржан ата ұлының аты Бақытжан Момышұлы. Бақытжан Момышұлы – жазушы, аудармашы. Зейнеп Ахметова – Бауыржан Момышұлының келіні. Зейнеп Ахметова да жазушы, Бауыржан Момышұлы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.

 Мәтін бойынша сұрақтар қойыңыз:

• Бауыржан ата ұлының аты кім?

• Ол жазушы ма?

• Зейнеп Ахметова деген кім?

 Жазылым. Оқушылар суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып, Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін дәптерлеріне жазсын:

 Намысты нан+ға сатпа.

 Қоян+ды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

 Ағаш көркі – жапырақ, адам көркі – шүберек.

 Отан үшін от+қа түс, күймейсің.

 Көз – қорқақ, қол – батыр.

 Нақыл сөздердің «күрделі мәселeлерді дәл жеткізетін қысқа қайырымды шешен сөздер» екендігіне тоқталып өтіңіз. Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдерді ажыратуына көмектесіңіз.Тапсырманы келесі дескрипторлар арқылы бағалаңыз:

- сурет ретінде берілген сөздердің орнын дұрыс табады;

- жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратады;

- сөйлемдерді қатесіз жазады.

 Сергіту сәті. «Арқаға сурет салу» ойынын ойнатыңыз. Бұл ойында барлық әрекеттер үнсіз жасалуы керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзесін. Сіз ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсыныңыз (мәселен, алма, гүл, кітап, ағаш т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салсын. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырыңыз.

Оқылым. Оқушылар мәтінді дауыстап оқысын. Оқылым мәтіні:

Бауыржан Момышұлы суретті жақсы салған. Өзі салған автопортретінің бірнеше нұсқасы бар. Әр дәптерінің бетіне де түрлі суреттер салып отырған. Бауыржан ата ою да ойған. Әр оюдың артында қашан ойылғаны туралы мәлімет бар. Бауыржан атаның оюларын келіні – Зейнеп Ахметова жинаған.

 Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін пысықтау үшін сұрақтар қойыңыз:

 – Бауыржан Момышұлы сурет салған ба?

 – Өзінің автопортреттерін салған ба?

 – Бауыржан атаның тағы қандай өнері болған?

 – Оның оюларын кім жинаған?

 Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.

Кім? Қайда? Не істеген?

Б.Момышұлы соғысқа қатысқан

 

Жазылым. Оқушылар сөйлемдердегі сөздердің реттілігін сақтап, сөйлем құрап жазулары керек.

 1. Батыр ұлдарының қазақтың Бауыржан Момышұлы – бірі.

 2. Ұлы Отан ол қатысқан соғысына.

 3. Деген атқа ие «Халық қаһарманы» болған.

4. Балуан және жазушы ол болған адам.

5. Көше бар Алматы қаласында Бауыржан Момышұлының атында.

6. «Жазушыға», «Ана тілін ардақта», «Досыма» оның соғыс уақытында жазған өлеңдері бар.

Құраған сөйлемдерін дәптерлеріне жазсын. Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, дұрыс нұсқамен тексеріңіз. Өз қалаулары бойынша кейбір оқушылардың басқа да тапсырмалардан сөздер қосып, құрмалас сөйлемдер құруына қолдау көрсетіңіз.

Дескрипторлар бойынша формативті түрде бағалаңыз:

  •  сөйлемдерді дұрыс құрайды;
  •  қатесіз жазады;
  •  алдыңғы сабақты естеріне түсіреді.

 

Айтылым. Сабақты бекіту үшін келесі тапсырманы орындатыңыз. Оқушыларды жұпқа бөліңіз, жағдаят ұсыныңыз:

Әмина әжей немересі – Батырханмен бірге Бауыржан Момышұлы ескерткішінің алдына суретке түсті. Екеуі Бауыржан Момышұлы туралы сөйлесті. Әмина әжей мен Батырхан не деуі мүмкін?

Оқушылар көршілерімен жұптасып, біреуі – Әмина әжей, екіншісі немересі Батырхан болып, өзара ауызша диалогке түссін. Диалогке керекті тірек сөздерді пайдалансын:

балуан

батыр

белгілі

Ұлы Отан соғысы

жазушы

ескерткіш

өлең

сурет салған

қаһарман

көше

ою

мұражай

Үлгі беріңіз:

- Батырхан, бұл кімнің ескерткіші?

- Бұл Бауыржан Момышұлының ескерткіші.

- Бауыржан Момышұлы кім?

- Бауыржан Момышұлы батыр, жазушы.

- Ол туралы тағы не білесің?

- Ол қазақтың қаһарман ұлы, ол сурет те салған.

Дескрипторлар бойынша бағалаңыз:

- сұрақ қояды;

- сұраққа жауап береді;

- өз серігін тыңдап, диалог жүргізеді.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушыларға алдын ала үш түсті алма пішінді стикерлер таратыңыз. Сабақты өте жақсы меңгерсе «жасыл алма», жақсы түсінсе «сары алма», ал түсініксіз болса, «қызыл алма» пішініндегі стикерді тақтаға жапсырып кетсін.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу