10-сабақ. Бауыржан – батыр. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10-сабақ. Бауыржан – батыр

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

1.​1.​3.​1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау.

2.1 Сөздік қорды толықтыру

3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану.

5.1Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтіннің не туралы екендігін айту, сұрақтарға жауап беру.

2. Жаңа сөздерді сөйлеу барысында қолдана білу.

3. Септеулік шылауларды мағынаға сай қолдану.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, мұғалімнің көмегімен шылауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, шылауларды мағынаға сай қолданады.

Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, жүйелі мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Лексикалық минимум

жазушы, батыр, балуан

Грамматикалық минимум

септеулік шылаулар

Құндылықтарды дарыту

Батырлық, ерлік істерге сүйсініп, өздері де өжет болуға талпынады.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Кел, балалар, оқылық!

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын «Сахнадағы актер» әдісімен сұрау. Мұғалім: «Сахнаға шығуға кім тілек білдіреді?» – деп сұрайды. Өзі қалаған оқушы тақтаның алдына шығып, үйге берілген Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа мәнерлеп айтып береді. Өзін сахнадағы актерлер сияқты ұстауы керек.

Ой қозғау. Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты ассоциация сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетіп, сабақтың тақырыбын болжату.

БАТЫР

ПАНФИЛОВШЫ

ЖАЗУШЫ

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

БАЛУАН

МӘСКЕУ ҮШІН ШАЙҚАС

«Ассоциативтік қатар» негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту:

  • Қандай сөздер оқыдыңдар?
  • Бүгінгі сабағымызда кім туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Оқушылар сөздерді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Сабақ тақырыбын болжайды. Мысалы: Панфилов, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы ...

Мұғалім оқушылармен бірге айтылған ойларды қорытындылап, тақырыптың қорытынды бейнесін анықтайды. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Бауыржан – батыр» екендігін айтады.

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтін мазмұнын түсіну;
  • сөйлеу барысында жаңа сөздерді қолдану;
  • сөйлемдерді дұрыс құру.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

(МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жазушы, батыр, балуан) суреттер мен түсініктемелер арқылы меңгерту.

Жазушы – көркем шығарма жазумен айналысатын адам.

Батыр – ел қамы үшін жаумен айқасып, жеңіп шыққан адам.

Балуан – күреске түсетін, күреспен айналысушы адам.

Дұрыс айт!

Жазылады:

Айтылады:

жазушы

[жазұушұ]

балуан

[балұуан]

(Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдалады. Тыңдалым мәтіні:

Бауыржан Момышұлы – батыр, жазушы. Жас кезінде балуан болған. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан. Бауыржан Момышұлы – соңғы панфиловшы. Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысқан. Ол көптеген өлеңдер, кітаптар жазған.

А) Мәтін кім немесе не туралы?

  • Батыр туралы
  • Жазушы туралы
  • Балуан туралы
  • Соғыс туралы

Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегідей сұрақтар қояды:

• Бауыржан Момышұлы кім?

• Ол қандай соғысқа қатысқан?

• Қандай шайқасқа қатысқан?

• Бауыржан Момышұлы жазушы ма?

Ал сен Бауыржан Момышұлы туралы тағы не білесің?

Астана қаласында Бауыржан Момышұлы атында көше бар ма?

(Т) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырмада берілген мәтін мазмұнымен танысу.

Біз Бауыржан Момышұлын батыр ретінде танимыз. Ол көптеген өлең, кітаптар жазған. Бауыржан Момышұлы соғыс кезінде «Жазушыға», «Ана тілін ардақта», «Досыма» деген өлеңдер шығарған. Ол «Мәскеу үшін шайқас», «Куба әсерлері» кітаптарының авторы.

Осы берілген мәтінді негізге ала отырып, төмендегі суреттер мен тірек сөздерге сүйеніп, басқа да қазақтың Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлары жайлы әңгімелеп беру.

Талғат Бигелдинов,

ұшқыш.

2 мәрте Кеңес Одағының батыры

Шығармалары: «Илдер шабуыл жасайды»,

«305 рейд» және т.б.

Қасым Қайсенов,

Украина майданы партизаны.

Шығармалары:

«Жас партизандар»,

«Жау тылында» және т.б

Мәлік Ғабдуллин,

Кеңес Одағының батыры

Шығармалары:

«Менің майдандас достарым», «Алтын жұлдыз» және т.б

Дескриптор:

- айтылым ережесін сақтау;

- жүйелі мазмұндау.

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Оқушылар бір-біріне екі жұлдыз қойып, бір тілек айтады. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 жауап. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

Сергіту сәті. «Айна» ойыны. Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады немесе партада отырады. Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

(Ұ, Ө) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша атау септігінен кейін келетін септеулік шылаулар туралы айту.

Атау септігінде тұрған сөз

Септеулік шылау

Етістік

Бауыржан Момышұлы

сияқты

батыр болғым келеді

(МК, Ұ) Жазылым. Төмендегі сөздерді пайдаланып, өзара желілес сөйлемдер құру.

батыр

балуан

жазушы

Бауыржан

қатысу

қазақ

өнер

көше

Бірінші сөйлемдегі сөзді келесі сөйлемде жіктеу есімдігімен алмастыру керек. Үшінші сөйлемде атау септігінен кейін қолданылатын септеулік шылауларды қолдану қажет.

арқылы

жайында

жөнінде

туралы

үшін

сияқты

Үлгі:

Талғат Бигелдинов – Кеңес Одағының батыры. Ол ұшқыш болған. Ол туралы кино түсірілген.

Дескриптор:

  • зат есімдердің жіктеу есімдіктерімен дұрыс алмастырылуы;
  • септеулік шылаулардың мағынаға сай қолданылуы.

(Т) Жазылым. Оқушылар топқа бөлініп, «Кім жылдам» ойыны негізінде жарысады. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді өздері қойып жазады.

б...лу...н

б...ты...

...лең

к...т...п

ж...зу...ы

ш...ғар...а

...н...р

к...ш...

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы. Оқулық, 5-тапсырма. Өздері тұратын жердегі батырлар туралы мәтін құрау.

Рефлексия. «Жетістік» баспалдағы

Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздерінің есімдерін стикерлерге жазып, мен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу