8-сабақ. Тұңғыш ұстаз. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Әзірлемеші: Хабиева А.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 8-сабақ. Тұңғыш ұстаз | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.6 Орфоэпиялық нормаларды сақтау 3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен және айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту. 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру. 4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1.Тыңдаған ақпараттың дұрыс/бұрыстығын ажырата білу, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айту. 2. Оқыған мәтінге атау беру, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қою. 3. Жазбаша сөйлемдер құру. Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс қайталайды, мұғалімнің көмегімен жазбаша мазмұндайды. Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен жазбаша мазмұндайды. Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады, өз бетінше жауапқа сәйкес сұрақтар құрастырады, жазбаша мазмұндайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтінді дұрыс оқып, ондағы ақпаратты түсіну. Мәтінге атау беріп, мәтін мазмұнына сәйкес сұрақ қоя білу. Тірек сөздерге сүйеніп, жазбаша мазмұндау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | жаңалық, әңгіме | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | сұрау есімдіктері, етістік сұрақтары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұлы тұлғалар, тарихи орындар туралы ақпараттарды білуге қызығушылықтарын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | «Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті» пәндері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Абай – ұлы тұлға | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Мұғалім оқушылардан үй тапсырмасын «Марапаттау» ойыны арқылы сұрайды. Әр оқушының үйде «Абай – ұлы ақын» тақырыбында дайындаған постерлері тексеріліп, сәтті, ұтымды жасалған постерлерге марапаттау қағазы тапсырылады. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы сөзжұмбақты шешкізу арқылы сабақтың тақырыбын болжату. Сөзжұмбақ негізінде сұрақтар қойып, оқушыларды коммуникативтік қатынасқа тарту.
Сөзжұмбақ сұрақтары: 1. Тәрелке, кесе, қазан – осылардың жиынтық атауы қандай? 2. Өзен, көлдерде не болады? 3. Мектепте оқиды? 4. Немен сурет саласыңдар? 5. Жеміс атауы? 6. Қонжық, қуыршақ – жиынтық атауы қандай? – Сөзжұмбақты дұрыс шешкен кезде ортадағы қарамен белгіленген төрбұрыштарды тігінен оқыған кезде қандай сөз шықты? – Ыбырай. – Олай болса, тұңғыш ұстазымыздың толық аты-жөні кім? Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Оқушылар сөзжұмбақ арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | (МК, Ұ) Сабақтың жаңа сөздерін (жаңалық, әңгіме) суреттер мен сөйлемдер арқылы меңгерту.
(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым. Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды.
(Ө) Тыңдалым тапсырмасы. Диалогті тыңдап, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Тыңдалым мәтіні: - Ыбырай Алтынсарин кім? - Ыбырай Алтынсарин – ұлы ұстаз, қазақ даласына жаңалық әкеліп, алғашқы мектептерді ашқан. - Ол туралы тағы не білесің? - Ол қазақ балаларына арнап өлеңдер мен әңгімелер жазған. - Оның мұражайы қай қалада орналасқан? - Оның мұражайы Арқалық қаласында орналасқан.
(Ө) Оқылым. Оқушылар мәтінді оқиды. Оқылым кезінде орфоэпиялық нормалар сақталынуы тиіс. Мәтінге атау беру керек. Мәтінге қандай атау беруге болады?
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.
(Ж) Айтылым. Оқушылар жұпқа бөлініп, диалогтегі жауаптармен танысады. Жауапқа сәйкес сұрақтар құрады.
Дескриптор:
Оқушылардың жауаптары формативті түрде бағаланады. Сергіту сәті. «Алма, шие, өрік, банан» Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады. Жүргізуші оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін жүргізуші бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «шие!» деп, не «алма, өрік!» деп, немесе «алма, шие, өрік, банан!» деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын алмастыру қажет. Ал жүргізуші бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды. (Ұ, Ө) Жазылым. Оқушылар суретке қарап, үлгіге сүйеніп, тірек сөздерді пайдаланып, өз мектебі мен Ыбырай Алтынсарин салдырған Торғай қаласындағы мектепті салыстырып, әңгіме құрап жазады. «Талдау» әдісін қолдану: 1. Салыстыр 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығын тап.
Дескриптор:
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы. Оқулық, 4-тапсырма. Рефлексия. «Сабақтан соңғы көңіл күйім» стратегиясы
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?