7-сабақ. Абай – ұлы ақын. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
7-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Абай – ұлы ақын
Сабақтың мақсаты:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру
3.3.4.1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабаққа қажетті ресурстар: үлестірме карточка, интербелсендітақта, таныстырылым, доп.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Оқыған/тыңдаған сөз тіркестерін, мәтінді түсінеді.
- Сөйлемдерге сұрақтар құрастыра алады.
- Жалғауларды дұрыс қолданады.
Сабақтың басы.
Үй тапсырмасын «Допты ұстап ал» ойыны арқылы тексеріңіз. Ол үшін допты оқушыларға қарай лақтырып: «Үйге берілген батаны кім жаттады?» - деп сұрақ қойыңыз. Допты қағып алған оқушы жауап береді, егер жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Ол келесі оқушыға лақтырады. Солай жалғаса береді.
Ой қозғау. Оқушыларға интербелсенді тақтада өткен сабақтағы жаңа сөздер: ұлы ақын, дара тұлға және жаңа сабақ тақырыбымен байланысты аудармашы, композитор (сазгер) сөздерін ұсыныңыз. Осы сөздердің кімге байланысты айтылуы мүмкін екендігін болжатыңыз. Оқушылардың пікірлерін тыңдаңыз. Дұрыс нұсқаны атағаннан кейін: «Біз өткен сабақта «Бала Абай» туралы айтқан болсақ, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Абай – ұлы ақын» - екендігін айтыңыз.
Жаңа сөздерді меңгерту.
1. «Сөйлеу қабырғалары» арқылы шығарма, дара, аудару сөздерін суреттер, сұрақ-жауап, синонимдер арқылы меңгертіңіз.
2. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жаздырыңыз.
Оқылым. Айтылым. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді оқыңыз, оқушылардың соңыңыздан орфоэпиялық норманы сақтап қайталауын қадағадалаңыз.
Тыңдалым. Оқушыларға мәтінді аудиотаспадан екі рет тыңдатыңыз. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мазмұндап берулерін сұраңыз:
Абай Құнанбайұлы – қазақтың ... . Ол адам, өмір, ... туралы көп өлең жазды. Абай орыстың ұлы ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне ... .
Қажетті сөздер: ұлы ақыны, табиғат, аударды.
Тапсырма төмендегідей дескрипторлар арқылы бағаланады: сөздердің орнын дұрыс және тез табу; сөйлемдерді анық және орфоэпиялық нормаға сай айту.
Оқушыларды қатар санына қарай алдын ала үш топқа бөліп, топ басшысын тағайындаңыз. Берілген тапсырманы орындау деңгейіне сай 10 ұпай, 20 ұпай, 30 ұпай жазылған дөңгелекті топ басшысына беріп отырыңыз. Топтық жұмыс ережелері сақталынуына назар аударыңыз:
Тыныштық сақтау;
Бір-біріне көмектесу;
Топпен бірге жұмыс істеу;
Өз ойын айту.
Грамматикалық қоржын. Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз. Өткен шақ жұрнағынан кейін жалғанатын жіктік жалғауының қысқаша түріне тоқталып өтіңіз.
Мен қазақ тіліне аудар+ды+м | Сіз қазақ тіліне аудар+ды+ңыз |
Сен қазақ тіліне аудар+ды+ң | Ол қазақ тіліне аудар+ды |
Осы үлгімен 1-топқа «шығарма жазу», 2-топқа «өлең жазу», 3-топқа «орыс тіліне аудару» тіркестерін ауызша жіктеуге тапсырма беріңіз. Әр топтан белсенді жауап берген оқушыларды бағалап, алған ұпайларын топ басшысына беріп отырыңыз.
Сергіту сәті. “Поэзия минуты” әдісін қолданыңыз. Әр топтан бір оқушының интербелсенді тақтада берілген Абай Құнанбаев өлеңдерінен үзінді оқуын сұраңыз.
Жазылым. Оқулықтан 2-тапсырманы көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап дәптерлеріне жазсын. Тапсырманы әр оқушы жеке орындайды. Тапсырманың дұрыс орындалғандығын тексеру үшін әр топтан бір оқушының бір-бір сөйлемнен тақтаға жазуын сұраңыз. Қажет болған жағдайда ілік септігі мен тәуелдік жалғауының қолданылуын еске салыңыз.
Оқылым. Айтылым. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді іштей оқып, мазмұнымен таныссын. Содан кейін әр топтан өздері қалаған үш сөйлемге сұрақ қоюын сұраңыз. Жауаптарды ұпаймен бағалап отырыңыз. Әр топ өздері қалаған үш сөйлемге сұрақ қояды. Тапсырма төмендегідей дескрипторлар арқылы бағаланады:
- сұрау есімдіктерін дұрыс қолдану;
- сөйлемдерді сөз таптарының орын тәртібін дұрыс сақтап құрастыру.
Жазылым. Оқушылар оқулықта берілген 4-тапсырмадағы сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп жазсын. Жазу барысында екі бағандағы сөйлемдерді бір-бірімен салыстырсын. Айырмашылығына назар аудартыңыз.
Айтылым. Оқулықта берілген үлгіні негізге ала отырып, тыңдаған, оқыған мәтін мазмұны бойынша диалогті жалғастыру керек. Осы сабақ барысында орындаған тапсырмаларды да еске түсіріп, жұмыс барысында оларды негізге алуға болатындығын айтыңыз. 3 топтың да жауаптары тыңдалып, сәйкесінше ұпай беріледі.
Рефлексия. «Жетістік сатысы». Сабақ соңында топ басшысы жинаған ұпайды есептеп айтсын. Жинаған ұпай санына байланысты әр топтың сатыдағы орнын белгілеңіз. Жеңімпаз топты анықтаңыз. Топпен жұмыс істеудің ұнағаны немесе керісінше, ұнамағаны туралы сұраңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?