6-сабақ. Бала Абай. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


6-САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Бала Абай

№1. Сөйлеу қабырғалары

Поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын адамды ақын деп атаймыз.

  • Өздеріңіз қандай ақындарды білесіңдер?

Мұқағали Мақатаев

Аманжол Әлтаев

Өз істерімен аты тарихта қалған, асқан кемеңгер, озық ойлы адамдарды ұлы деп атаймыз.

– Қандай ұлы адамдарды білесіңдер? Естеріңе түсіріп көріңдерші.

Абу Насыр әл-Фараби

Абылай хан

Халқына тірек, қамқор болған, жан-жақты қалыптасқан адамдарды тұлға деп атаймыз.

– Қазіргі уақытта осындай істер атқарған қандай адамдарды айта аласыңдар?

Нұрсұлтан Назарбаев

Мұхтар Шаханов

№2

Грамматикалық қоржын

Мен ақын бол + а + мын

Сіз ақын бол + а + сыз

Сен ақын бол + а + сың

Ол ақын бол + а + ды

№3

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

  • Абай кіммен сөйлесті?
  • Абай әжесінен кім туралы сұрады?
  • Қонақтың аты кім? Ол не істейді?
  • Қонақ кімге бата берді?

№4

Сергіту сәті. “Дирижер” әдісі. Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол оқушы сол қимылды қайталауы керек. Қайталаған оқушы келесі баланы нұсқайды. Солай жалғаса береді. Қайталау кезінде әртүрлі дыбыстар шығаруға болады.

№5

Дулат ақынның Абайға берген батасын мұғалім оқып, мағынасын түсіндіреді. Одан кейін әр оқушы мәнерлеп оқиды.

Шырағым, ержетерсің,

Ержетсең сірә, не етерсің?

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыдасаң, шыңға жетерсің.

(Өлеңдегі ақпаратты түсіндіру үшін суреттер ұсынылады)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу