2-сабақ. Дина күй шертеді. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2-сабақ. Дина күй шертеді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.​3.​4.​1* мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекеті туралы нақты сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру.

2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1* жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5* үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
  • Сұрақтарға дұрыс толық жауап беру.
  • Берілген тақырып бойынша диалог құру.
  • Жай сөйлемнен құрмалас сөйлем құрастыра білу.

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөз тіркестерін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, жоспар негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі, басқа оқушылардың ойларын толықтырады.

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Лексикалық минимум

ірі

Грамматикалық минимум

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем:

1) Атақты Құрманғазы кішкентай Динаға батасын береді, себебі 2) oл Динаның өнерін жоғары бағалайды.

Құндылықтарды дарыту

Өнерді бағалауға үйрету. Күй өнеріне деген сүйіспеншіктерін арттыру, қызығушылықтарын ояту. Кішкентай Динаның өнерін, іздемпаздығын үлгі ету.

Пәнаралық байланыстар

«Музыка», «Қазақ әдебиеті» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Дина күй шертеді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Үй тапсырмасын тексеру. «Доп лақтыру» әдісі. Мұғалім допты оқушыларға қарай лақтырады. Допты қағып алған оқушы үй тапсырмасын айтады. Дайындап келген жауабын айтып болған соң, ол допты қалаған адамына лақтырады. Бұл сөз беру әрекеті осылай жалғасады (уақытқа қарай үй тапсырмасын 5-6 оқушыдан сұрап шығуға болады).

Ой қозғау. Өткен сабақ тақырыбын еске түсіріп, бүгінгі сабақта оны жалғастыру, балаларды коммуникативтік қатынасқа тарту мақсатымен тиісті сұрақтар қойылады:

1. Өткен сабақта кіммен таныстық?

2. Күй өнерінің қыр-сырын ол неше жасынан бастап үйренді?

3. Айналасындағы адамдар оны қалай атады?

4. Динаның ұстазы кім болды?

5. Динаның өзі шығарған күйлерін атай аласыздар ма?

Оқушылар 1-3 сұрақтарға жауап беріп, 4-сұрақтың жауабын шамалап, 5-сұраққа жауап бере алмайтындары белгілі. Мұғалім: «Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі сабақтан білетін боламыз», деп, өткен сабақ тақырыбын жалғастырады.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру

Оқыған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Берілген тақырып бойынша диалог құру.

Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыру.

(МК, Ұ) Жаңа сөзді синонимдер арқылы меңгерту.

Жаңа сөз

Тура мағынасына жақын сөз

ІРІ

үлкен

Ауыспалы мағынасына жақын сөздер

маңызды

көрнекті

танымал

(Ө) Оқылым. Алдымен оқушылар мәтінді оқып, мазмұнымен танысады:

 

 

Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтың жауабын өзі қалаған сыныптасынан сұрайды. Осылай оқушылар кезекпен-кезек сұрақ қойып, жауап береді.

Дескрипторлар:

- сұрақтарға дұрыс толық жауап береді;

- сөздерді орфоэпиялық нормаға сай қатесіз айтады.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

 

(Ұ) Оқылым. Айтылым.

дарынды қыз

атақты күйші

күй шертеді

күй үйренеді

күй шығарады

танымал ірі күйлері

«Мені түсін» әдісі бойынша бір оқушы берілген сөз тіркестерін дауыстап оқиды. Басқа оқушылар оның кім туралы айтып тұрғанын түсініп, қысқаша сөйлемдер құрайды. Мысалы, бір оқушы «күй үйренеді» десе, басқа оқушылар «Дина күй үйренеді», «Кішкентай қыз күй үйренеді», «Дина Құрманғазыдан күй үйренеді» деген сияқты жауаптарын ұсыну қажет.

(МК,Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беру.

Жай сөйлем

1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді.

2. Ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

себебі ...

Құрмалас сөйлем

Атақты Құрманғазы кішкентай Динаны іздеп келеді, себебі ол Динаның өнерін тамашалап, батасын бергісі келеді.

Оқушылар үлгі бойынша мына жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрайды:

1. Атақты Құрманғазы кішкентай Динаға батасын береді.

2. Ол Динаның өнерін жоғары бағалайды.

Сергіту сәті. Динаның бір күйін тыңдату.

Ресурстар:

https://massaget.kz/mangilik_el/sikyirlyi_saz/kuy/28312/

https://www.youtube.com/watch?v=c9jlfpQYEmA

(Ж) Айтылым. Оқушылар жұптасып, «Құрманғазы мен Дина» тақырыбында диалог құрайды. Диалогте тақырып бойынша берілген жаңа сөздерді пайдаланады. 2 жұптың жауаптары тыңдалады, «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

интернет

Дескриптор:

  •  тақырыпқа сай диалог құрайды;
  •  сөздерді дұрыс байланыстырады.

 

(Ө) Оқылым. Берілген сөйлемдерді оқып, ақпараттың дұрыс/бұрыстығын анықтайды.

Сөйлемдер

Дұрыс

Дұрыс емес

1

Дина – қазақтың атақты күйшісі.

2

Дина домбыраны тоғыз жасында үйренді.

3

Дина Құрманғазыны іздеп келді.

4

Дина Құрманғазыдан күй шертуді үйренеді.

5

Құрманғазы – Динаның ұстазы.

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Оқулық, 5-тапсырма, жазбаша орындау. Келесі сабақта жазғанын ауызша баяндап беру.

Рефлексия. Бүгінгі сабақтағы көңіл күйіңді қай суретке теңейсің? Сабақты өте жақсы меңгерсе, «Алма» ағашына, жақсы түсінсе, «Бәйтерек» ағашына, ал түсініксіз болса, «Тікенек» ағашына стикер қалдырады.

алма ағашы бәйтерек тікенек

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу