Нәтиже сабақ №15. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім «Атақты тұлғалар» Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Нәтиже сабақ №15 | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау 3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді қолданып мәтіннің мазмұнын айтады. Оқушылардың көпшілігі: сурет бойынша мәтіннің мазмұнын айтады; Оқушылардың кейбірі: мәтіннің мазмұнын айтады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Лексикалық минимум | Атақты, оқу | |||||||||||||
Грамматикалық минимум | Қандай? Не істейді? Дарынды, біледі, өнерлі, ойлап табады | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||
Бастапқы білім | Жас өнертапқыштар №14 | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | «Кел, сөйлесейік»
Мұғалім орындықтарды ортаға шығарып, шеңбер жасайды. Оқушылар орындыққа орналасады. Тақтада сұрақтар көрсетіледі (жазылады). Жауапты кез-келген оқушыдан бастауға болады. Оқушы өз ойын айтады, келесі оқушы «келісемін» немесе «келіспеймін» деп ойын жалғастырады. Мақсаты: оқушы қазақша ойлау және сөйлеу қабілетін кез-келген жағдайда қолдана білу. Бағалау: мұғалім оқушының берген жауабына кері байланыс береді. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
| Слайд | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 25 мин | Мағынаны тану (Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Атақты - танымал, әйгілі оқу – білім алу Дамыту жолдары:
(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын Берілген сөздерді екі қоржынға бөлеміз. Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді көк қоржынға, Не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді қызыл қоржынға саламыз.
Мысалы: Дарынды, біледі, өнерлі, ойлап табады, талантты, еңбекқор, жасайды, оқиды 1-тапсырма: (Ұ) Диалогті оқы. Мәтіннен Қандай? Не істейді? деген сұраққа жауап беретін сөздерді тап.
Марат: Атақты адамдар қалай танымал болды? Анар: Меніңше, атақты болу үшін білімді болу керексің. Ол үшін оқу керек. Марат: Дұрыс айтасың, Анар көп оқыған адам – көп біледі. Анар: Сондай-ақ, танымал болу үшін көп еңбектену керек. Кері байланыс Тапсырма ұнады ма? Сергіту сәті Оңға, оңға түзу тұр, Солға, солға түзу тұр. Артқа қарай бір адым Алдыға қарай бір адым Жоғары төмен қарайық Орнымызды табайық.(Оқушылар мұғаліммен бірге орындайды) 2-тапсырма: (Ж) Суреттерге қара. Қандай танымал тұлға екенін жаз. (Оқушы жауабын ауызша түсіндіреді. Ол үшін мұғалім үлгі ретінде қолданады: Бірінші суретте атақты ақын, өйткені бұл суретте Абай Құнанбаев бейнеленген)
3-тапсырма: (Ж) Танымал болудың ережесін тауып, ойыңды дәлелде.
Дескриптор:
| Слайд
Таратпа материал Таратпа материал
| ||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Смайлик» Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. Үй жұмысы Өскенде кім болғың келеді? әңгіме дайында | Слайд | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?