Қазақстан спортшылары № 10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)
6-тарау
Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан спортшылары № 10
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым, оқылым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Жүректен жүрекке» ойыны арқылы тілдерін жаттықтыралы. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне өздері білетін сөздерді айтып, жақсы тілек білдіреді. Мен саған ... тілеймін (бақыт, денсаулық, береке, сәттілік). Жаттығу шеңбер бойымен жалғасады. Мысалы: бақыт, денсаулық, табыс, байлық, сәттілік, көтеріңкі көңіл-күй, жақсы дос, т.б.
- Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар Қажымұқан Мұнайтпасұлы туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
- Тақырыпқа көшу мақсатымен осы тақырыпқа қатысты суреттер көрсету арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушылар өздері білетін спортшыларды айтады. «Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар? Олар немен шұғылданады? Қандай жеңістерін білесіңдер?» сияқты сұрақтар қойып, ойларын жинақтауға мүмкіндік жасаңыз.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын мысал келтіру арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
- Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
- Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз. Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Тыңдалым
Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Одан кейін мәтіннің мазмұны бойынша суреттер ұсыныңыз. Оқушылар қай сурет қай мәтінге сәйкес келетінін анықтайды, суретті өз жұбына сипаттап айтып береді, өзара талқылайды. Суреттердің арасына тақырыпқа қатысы жоқ суреттерді қосып жіберуге болады. Оқушылар оларды таңдау, таңдамау себептерін түсіндіріп беруі керек. Бұл оқушылардың есте сақтау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Жауаптарын барлық оқушыдан сұрау қажет емес, 2-3 жұптан сұрасаңыз жеткілікті. Жұмыстың соңында жұптар тақтада көрсетілген критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Жұпқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.
- Жазылым, оқылым
Оқушыларға үш бөлікке бөлінген мәтін беріңіз. Оқушылар топтасып, мәтіннің әр бөлігін мұқият оқиды, содан кейін рет-ретімен әңгіменің жүйесі бойынша орналастырады, яғни шағын мәтін құрастырады. Содан кейін мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, топтар сұрақтарымен алмасады, өзара сұхбатқа түседі. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады.
Келесі тапсырмада оқушылар «Түртіп алу» стратегиясын пайдаланып, афишада берілген ақпаратты мұқият оқиды. Жұп мүшелері өзара ой бөліседі, талқылайды. Афишалық ақпаратқа сүйене отырып, сұрақтарға жауап береді. «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы қосымшаисынып ішіне тақырыпқа қатысты ақпараттар орналастырылады. Оқушылар қозғала жүріп, берілген тапсырма бойынша ақпарат жинайды. Осыдан кейін жұптасып диалог түрінде оқиды. Бұл ретте алдын-ала әр жұпқа жарнамалық афишалар дайындап қойыңыз. Сұрақтардың жауаптарын ақпараттан таба алатынына көз жеткізіңіз. Қолдауды қажет ететін оқушыларға ақпараттың жеңіл түрін ұсыныңыз.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам», «Үш шапалақ» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Доп, доп, топ, топ, Теуіп қалдым допты. Доп жоғалды, доп жоқ. Қап, қап, тап, тап.
(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді)
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі қажет. Мұғалім оқушылардың сабақтың соңында сабақтың түсінген, түсінбегендерін білу мақсатында «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы (Мен ... туралы жаңа ақпарат білдім. Мен ... сияқты сөздерді меңгердім. Мен үшін ... қызық болды. Мен ... таңғалдым. Мен үшін ... қиын болды. ) кері байланыс стикерін таратады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?