Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)
6-тарау
Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың тұңғыш ғарышкері № 7
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
2.1 Сөздік қорды толықтыру
3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым, айтылым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Амандасу» ойыны арқылы тілдерін жаттықтырады. Оқушылар жұптасып тұрады. Бір-біріне қарап, Сәлем, досым! /амандасады/, Сен қалайсың? /иықтарын қағады/, Қайда болдың? /құлақтарын тартады/, Сен келдің бе? /қолдарын жаяды/, Мен сені сағындым! /қолдарын жүректеріне қояды/, Досым, саған ризамын! /құшақтайды/. Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
- Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар Әбілхан Қастеев туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
- Тақырыпқа көшу мақсатымен Тоқтар Әубәкіров туралы «Сен білесің бе?» атты бейнеролик көрсету арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. «Зымыран сұрақтар» әдісі арқылы бейнеролик бойынша оқушыларға сұрақтар қойыңыз, олар бір минут ішінде сұрақтарға жауап береді, сабақтың тақырыбы анықтайды.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
- Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
- Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз. Тапсырмалар шиыршық әдісі арқылы орындалады. Яғни білім беру тәсілі оңайдан күрделіге қарай жылжып отырады.
- Оқылым, айтылым.
Мәтінмен жұмыс жасауға кіріспес бұрын, оқушыларға жұмбақ жасырыңыз. Жауабын табуға қиналса, жауаптың суретін көрсетіңіз. Дайын жауапты айтпауға тырысыңыз. Содан кейін қандай ғарышкерлерді білетіні туралы сұраңыз. Бұл оқушылардың ойларын шоғырландыруға, мәтіннің кім туралы болатынын болжауға жағдай жасайды. Мәтінді мұқият оқиды, мазмұнын кесте арқылы баяндайды. Алдымен, мәтінді дауыстап (іштей) оқытады. Оқушының түсінігі қалыптасқан соң мазмұндайды.
- Жазылым
Бұл тапсырма жеке орындалады. Сөйлемдегі жоғалған сөздерді тауып айтады. Дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жазады. Осы тапсырма арқылы оқушы меңгерген білімін, жинақтаған сөздік қорын қолданғанын көрсетеді. Сонымен қатар, каллиграфия нормаларына сәйкес жазуды үйренеді. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күн төрінде
Тамылжытып төгіп тұр.
Шаттық сыйлап көңілге
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі қажет. Мұғалім оқушылардың сабақтың соңында сабақтың түсінген, түсінбегендерін білу мақсатында «Ай» әдісі арқылы (толық ай - сабақты толық түсіндім, жарты ай - мен жартылай түсіндім, әлі де сұрақтарым бар) кері байланыс стикерін таратады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?