Тұңғыш қазақ суретшісі № 6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)
6-тарау
Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш қазақ суретшісі № 6
1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну
3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау
2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту
3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Сиқырлы таяқша» ойыны арқылы тілдерін жаттықтырады. Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.
- Үй жұмысын «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар Әміре Қашаубаев туралы өткен сабақта алған білімдері мен қосымша ақпаратты колданып, айтады.
- Тақырыпқа көшу барысында оқушыларды топқа бөліп, «Өнер» деген сөзге топтастыру жұмысын жасатыңыз. Әр топ өнердің қандай түрлері бар екендігін айтып шығады. Содан кейін бейнелеу өнеріне қатысты суреттер көрсетіп, бұл суреттер өнердің қай түріне жататынын сұраңыз. Содан кейін қандай атақты суретшілер бар екендігін сұрап, Әбілхан Қастеевтің бірнеше суреттерін ұсыныңыз. Сол суреттер арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушылар шығып, суреттерді сипаттайды немесе жанына өз ойын жазады. Суреттердің орнына Әбілхан Қастеев туралы қысқаша бейнеролик көрсету арқылы да болжату жасатуға болады;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Сөздердің мағынасын түсінік беру арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
- Сөз орамдары мен сөйлем құрастырғызыңыз.
- Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
- Оқылым.
Мәтінмен жұмыс жасауға кіріспес бұрын, оқушыларға «ББҮ» кестесі таратыңыз. Оқушылар бірінші және екінші бағананы толтырады, яғни Әбілхан Қастеев туралы «Білемін» және «Білгім келеді» деген бағаналарын, ал «Үйрендім» деген соңғы бағананы сабақтың аяғында толтырады. Бірнеше оқушы өздерінің жазғандарын оқиды. Содан кейін оқушылар Әбілхан Қастеев туралы мәтінді мұқият оқиды, сұрақтарға жауап береді. Оқылым алдында таныс емес сөздерге түсінік беріп кеткен дұрыс.
- Тыңдалым
Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып немесе бейнеролик көрсетіп, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның соңын болжайды, сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Күн шыққанда сүйiнiп,
Бәйшешектей иiлiп,
Бiз тынығып аламыз.
Жиi-жиi жаттығып,
Үлкен кiсi боламыз
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі қажет. Оқушылар «ББҮ» кестесінің үшінші «Үйрендім» деген бағанасын толтырады, осы сабақтан не алғанын, не білгенін жазады. Бірнеше оқушы өз жазғандарын оқиды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?