Тұңғыш қазақ суретшісі № 6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім Атақты тұлғалар Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тұңғыш қазақ суретшісі № 6 | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну 3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау 2.5 Тыңдау-көру материалдары негізінде ойын айту 3.2.5.1* оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша ..., менің көзқарасым бойынша ..., себебі ...) дәлелдеу | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, мұғалімнің көмегімен кейінгі оқиғаны болжайды, өз пікірін білдіреді. Оқушылардың көпшілігі: Тыңдағана мәтін бойынша кейінгі оқиғаны болжайды, өз пікірін орынды білдіреді. Оқушылардың кейбірі: Тыңдаған мәтін негізінде өз пікірін білдіреді, дәлелдейді. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - тыңдағана мәтін бойынша кейінгі оқиғаны болжайды; - өз пікірін білдіреді. | |||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | Тұңғыш, жеке | |||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Суретшінің еңбегін бағалау, туындыларын білу | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу өнері | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 6-бөлім: Әнші Әміре № 5 сабақ | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Тілді жаттықтыру: Ойын «Сиқырлы таяқша» Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады: Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! Мен бәріңе мейірім тілеймін! Мен бәріңе шуақты күн тілеймін! Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б. Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Бірнеше оқушы Әміре Қашаубаев туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.
Кері байланыс: мадақтау Болжау. (Т) Оқушылар өнердің қандай түрлері бар екенін топтастырады. Өте жақсы! Ал, мынау өнердің қай түрі?
- Керемет! Сурет өнері! Бейнелеу өнері! - Қандай атақты суретшілерді білесіңдер? - Мына суретші кім?
Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру. - тыңдағана мәтін бойынша кейінгі оқиғаны болжаймын; - өз пікірімді білдіремін. |
Ұлы суретші Әбілхан Қастеев шығармашылығы https://www.youtube.com/watch?v=WqX3xrGNr00
| ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин | Мағынаны тану (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: тұңғыш, жеке 1. Сөздердің мағыналарын түсіндіру. Тұңғыш – алғашқы – бірінші. Жеке – дара – дербес 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру. 3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру. Тұңғыш бала. Тұңғыш суретші. Жеке адам. Жеке ой 4. Сөйлемдер құрастыру. Әли әжесінің тұңғыш немересі. Әр адамның өзінің жеке ойы бар. 5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. (Ө) Оқушыларға «ББҮ» кестесі таратылады. Оқушылар бірінші және екінші бағананы толтырады, соңғысын сабақтың аяғында толтырады.
Бірнеше оқушы өздерінің жазғандарын оқиды. Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі (Ө) Мәтінді мұқият оқиды, сұрақтарға жауап береді. Әбілхан Қастеев — қазақ бейнелеу өнерінің тұңғыш суретшісі. Болашақ суретші сегіз жасынан қой бағады. Тастан мүсін жасайтын, тасқа сурет салатын. Кейін атақты суретші Николай Хлудов оған суретшілікті үйретеді. Ә. Қастеевтің «Алтын астық», «Жас Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Менің Отаным» атты суреттері бар. Суретшінің өзінің жеке стилі болды.. Ол төл өнерді дамытты. (Ұ) Ой қозғау
Кері байланыс:
Сергіту сәті: Ендi бiз демаламыз, Айналаны шоламыз. Қол-аяқты кезекпен, Оңға-солға созамыз. Күн шыққанда сүйiнiп, Бәйшешектей иiлiп, Бiз тынығып аламыз. Жиi-жиi жаттығып, Үлкен кiсi боламыз (Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді) (Ұ) Тыңдалым алдында оқушылар Әбілхан Қастеев туралы бейнероликтен қысқаша үзінді көреді. https://www.youtube.com/watch?v=WqX3xrGNr00 - Бұл бейнеден кім туралы көрдік? - Ол суреттерінде нені бейнелеген? (Т) Оқушылар мәтінді екі рет тыңдайды, оқиғаның соңын болжайды, сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін білдіреді. Бала арман. Ертеде бір қиялшыл бала болыпты. Оның өзге балалардан ерекшелігі құмға әртүрлі бейнелер суретін салады екен. Кейін осы бала арманы орындалып, атақты .... айналды.
Дескриптор: - тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның соңын болжайды; - сұрақтарға жауап береді; - «менің ойымша...., себебі ...» деген сөздерді қолдана отырып, өз пікірлерін білдіреді. Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды. - тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды. Мұғалімнен кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен? Сабақты қорытындылау: - Балала, сурет салатын адамды қалай атаймыз? - Суретші. - Әңгіме жазатын адамды қалай атаймыз? - Жазушы.
| Уикипедия Ә.Қастеев https://kk.wikipedia.org/wiki/Әбілхан_Қастеев Ұлы суретші Әбілхан Қастеев шығармашылығы | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия: «ББҮ». Оқушылар «ББҮ» кестесінің үшінші «Үйрендім» деген бағанасын толтырады, осы сабақтан не алғанын, не білгенін жазады. Бірнеше оқушы өз жазғандарын оқиды.
Үй жұмысы Тақырып бойынша жаңа сөздерді қолданып, 3-4 сөйлем құрастыру. Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. |
| ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?