Көрнекті ұстаз № 3. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ, ОМЖ БОЙЫНША)
6-тарау
Атақты тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Көрнекті ұстаз № 3
Сабақтың мақсаты:
3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау
4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2* өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және жазылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Сабаққа қажетті құралдар:
- Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
- Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беріңіз, өйткені әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
- Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
- Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз;
- Ең басты міндет - мақсатқа жету.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:
- Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар шеңберге шығып, «Сенім аралы» ойыны арқылы тілдерін жаттықтыралы. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің, әдемісің, т.б.
- Тақырыпқа көшу мақсатымен суреттер арқылы ой шақырып, тақырыпқа болжау жасатыңыз. Оқушыларға алдын ала даярланған қағазға немесе тақтада суретті көрсетіңіз. Оқушылар кезек-кезек шығып, суретті сипаттайды немесе қасына өз ойын жазады;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізіңіз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздердің мағыналарын суреттері арқылы болжайды. Қолдауды қажет ететін оқушыларға сөздерді жеңілдетіп немесе күрделендіріп беруге болады. Мысалы, сөздердің мағынасын жақын сөздер арқылы меңгереді.
Қолдану ерекшеліктерін көрсету:
- Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
- Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдандырыңыз;
- Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
- Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.
- Есте сақтаңыз:
Әрбір тапсырманы орындатпас бұрын, оқушыларды тапсырмамен таныстырып, түсінгендеріне көз жеткізіңіз. Тапсырманы орындаған соң, кері байланыс орнатыңыз.
- Теориялық бөлім:
Алдымен тәуелдік жалғауын қайталап, оқушылар сөзді ауызша немесе жазбаша мысалдармен бекітеді. Содан кейін жұптасып, тәуелдік жалғауын қолдана отырып, диалог құрастырады, сұхбатқа түседі.
- Практикалық бөлім
Оқушылар мәтінді мұқият оқиды, мазмұнын кесте арқылы баяндайды. Тапсырманы орындатпас бұрын, мұғалім өз шеберлігін қолданады. Алдымен, мәтінді дауыстап (іштей) оқытады. Оқушының түсінігі қалыптасқан соң мазмұндайды.
Екінші тапсырмада әр топта 5-6 оқушыдан болатындай 2 топқа бөлінеді. Топ болып постер құрайды. Топ мүшелерінің әрқайсысында өз міндеті болады. 1-оқушы – баяндап беруші. Өлеңдегі негізгі ойды, жанрын анықтайды. 2-оқушы – зерттеуші. Авторды сипаттайды. 3-оқушы – сұрақ құрастырушы. Өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. 4-оқушы– сілтеме табушы. Өлең бойынша сөздік жасайды. 5-оқушы – суреттеуші. Өлең мазмұны бойынша сурет салады. Тапсырманы орындамас бұрын, дескрипторға назар аудартыңыз.
- Бағалау:
Қалыптастырушы бағалаудың күнделікті іс-тәжірибесі барысында, оқушының меңгеру деңгейінің өлшемі мен ілгерілеуін анықтауда, «Бас бармақ», «Бағдаршам» түрлерін қолдануға болады. Оқушы көрсетеді және жеке көзқарасын білдіруге қалыптасады.
- Сергіту сәті:
Ендi бiз демаламыз,
Айналаны шоламыз.
Қол-аяқты кезекпен,
Оңға-солға созамыз.
Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)
- Рефлексия
Адамның өз істерінің мәнін түсініп, оны ойлану барысында өзіне-өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі. Сабаққа қатысты «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісін қолдануға болады. Оқушы тізбектей отырып, рефлексия жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?