Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім: Атақты тұлғалар | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Күні: Сынып: 3 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2 | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.3 Тыңдаған аудио-бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/мазмұндау | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлығы: «Мұхтар Әуезов» бейнематериалының мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен кесте толтырады. Көпшілігі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кесте толтырады және мазмұндайды. Кейбірі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кестені толық толтырады және мазмұндайды. | |||||||||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша кесте толтырады және мазмұндайды. | |||||||||||
Лексикалық минимум | Жазушы, шығарма | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірігіп жасаған еңбектің арқасында жұмыстың жеңіл болатынын түсіне отырып ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыпстасады. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||||||||
Бастапқы білім | Ұлы ақын -Абай | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру үшін бір - біріне жақсы тілек тілеуден бастайды. Мен саған ... тілеймін. Үй тапсырмасын тексеру «Иә» және «Жоқ» ойыны Абай - орыс халқының ұлы ғалымы. Абай атақты аудармашы болды. Абайдың әжесінің аты- Ұлжан. Абай кішкентай кезінен өте зерек болды. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
Оқушылардың назарын «Ұлылардан үлгі алайық!» деген сөзге аудару. «Мозаика» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашқызу. Қима қағаздарды құрастырып, сөздерді құрау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Қима қағаздардан М. Әуезовтың суреті шығады.
Жаңа сөздерді қайталау, сөйлемдер құру. Жазушы, шығарма Белгілі жазушы, атақты шығарма Мұхтар Әуезов –белгілі жазушы. М. Әуезовтың шығармалары көп. Біз сабақта шығарма жаздық. | Оқу мақсаты Сюжетті суреттер | ||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | Тыңдалым тапсырмасы: (Ұ. М. ) Әуезов туралы бейнематериалды 2 рет тыңдайды. Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы дүниеге келген. Үй ішінде «ең кішкентай, момын да ерке, елгезек, бауырмал болған. Мұхтардың туған жері – Семей облысы, Абай ауданы. Мұхтар Әуезов-белгілі жазушы. Оның «Еңлік-Кебек», «Абай жолы», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» сияқты шығармалары бар. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма: (Ө.) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. І тапсырма: Әуезов туралы шағын бейнематериалды көріп, ақпаратты кестеге жаз. Т. Үш топқа бөлініп, жазған ақпараттарымен бөліседі, бір-бірін толықтырады. ІІ тапсырма: Кестені толықтыр.
Дескриптор:
Кері байланыс. «Жетістік баспалдағы» арқылы кері байланыс беру.
Дифференцация. Ө. ІІІ тапсырма. Деңгейі жоғары оқушылар бейнематериалды мазмұндайды. Дескриптор:
Кері байланыс. Тыңдап отырған оқушылар кері байланыс береді. | www.vidinfo.org/video/33499922/-kz бейнематериал кесте | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасын беру: М. Әуезов туралы қосымша мәліметтермен танысу. Рефлексия | стикерлер | ||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?