15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Сейтбекова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

15-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау

4.4 Каллиграфиялық дағдыларын дамыту

3.4.4.1 Кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту

Сабақ мақсаттары

  •  Лексикалық минимумды қайталау
  •  Мәтін түрін ажырату
  •  Сұрақтар бойынша мәтін құрау
  •  Көркемдеп жазу

Оқушылардың барлығы: тарау бойынша лексикалық минимумды қайталайды, мәтін жанрын ажыратады, сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі: сұрақтар бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі.

Бағалау критерийлері

  • Лексикалық минимумды қайталайды.
  • Мәтін жанрын ажыратады.
  • Сұрақтарға жауап береді.
  • Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

Лексикалық минимум

Лексикалық минимумды қайталау.

Грамматикалық минимум

Септіктер, етістіктер

Құндылықтарды дарыту

Өнерді бағалауды үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Нәтиже сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • Лексикалық минимумды қайталау.
  • Мәтін жанрын ажырату.
  • Сұрақтар бойынша мәтін құрау.
  • Көркемдеп жазу.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(Ж, Ұ) «Үшіншісі артық» әдісі. Әр қатардан артық сөзді немесе суретті анықтап, себебін түсіндіреді.

Сөйлем үлгісі:1-қатарда ... сөзі артық, өйткені ол ...

  • Зергер, жазушы, қобыз
  • Билейді, домбыра тартады, жазады.
  • Домбыра, сырнай, түйе
  • Қайшы, ине, орман
  • Алтын, күміс, моншақ

) Оқылым. Жазылым.

А) Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді.

Әлібек әңгіме, ал Аня хабарландыру жазды. Берілген мәтіннің қайсысын Әлібек, қайсысын Аня жазды.

Балалар!

Достық үйінде би үйірмесі ашылды. Үйірме сейсенбі күндері сағат 10-нан 12-ге дейін жұмыс жасайды. Қатысамын деушілерді шақырамыз!

Мен Орталық музейге бардым. Музей өте үлкен. Онда көне заттардың барлығын көруге болады. Маған ұлттық аспаптар бөлімі ұнады. Онда сырнай, қобыз, домбыра, асатаяқ бар.

Мәтін не туралы?

Ә) Мәтіннен сұраулы есімдіктердің сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.

Кімге?

Неге?

Кімді?

Нені?

Қайда?

Неде?

Не істеді?

Не істеп жатыр?

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

Сергіту сәті.

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

 ) Айтылым. Оқушылар төменде берілген сұрақтардың негізінде мәтін дайындайды. Оны «Ыстық орындықта» 5 сөйлем көлемінде айтып шығулары тиіс.

  • Алматыда қандай музей бар?
  • Орталық музейде қанша көне заттар бар?
  • Мұхтар Әуезовтың музейінде не бар?
  • Музей нешеде ашылады?
  • Кітап музейінде қандай кітаптар бар?
  • Мұхтар Әуезовтың музейі неше қабатты?

Дескриптор:

  •  Сұрақтар бойынша мәтін құрайды (5 сөйлем).
  •  Тақырып бойынша сөздерді дұрыс қолданады.
  •  Сөздерді дұрыс байланыстырады.

) Жазылым. Өнердің қай түрі ұнайды? Себебін жазады.

Би өнері

Ән өнері

Қолөнер

Сурет салу өнері

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

«Өнер» тақырыбына қатысты кітаптардан, ғаламтордан ақпарат жинап, жоба дайындайды. Жобада:

- өнер туралы суреттер;

  • өнерге қатысты сөз тіркестері;
  • өнер туралы өз ойларын жазу.

Рефлексия.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=74809:15-saba_-ntizhe-saba.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?