№ 14 сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 14-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

 Сабақтың мақсаты:

 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

  3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

 3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  Сурет бойынша мәтін құраймыз.
  •  Сұхбатқа қатысамыз.

 Тірек сөздердің көмегімен диалог құрау

 Сабақтың басы. Қызығушылықты ояту. Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталау үшін «Өнер» сөзіне ассоциограмма құрады. Оқушы парақтың ортасына «өнер» сөзін жазады, сол ұғымға қатысты жан-жаққа таралған сөздер мен сөз тіркестерін жазады. Сол сөзден өрбіген сөздерді әрі қарай жалғастырып жаза берсе болады.

Оқылым. Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастырады. Мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді. Оқушылардың оқу дағдыларын дамыту үшін «Бағытталған оқуды» ұйымдастырыңыз:

 • сөздерді танып-білу дағдыларын дамыту;

 • әріптердің дұрыс дыбысталуын меңгерту;

 • сөздерді оқу үшін фонетикалық білімдерін қолдану және жаңа сөздерді танып білу.

Оқылым мәтіні

  Менің отбасым өнерлі. Атам күмістен сырға жасайды. Қарындасым – Гүлсая билейді. Інім – Нартай ән үйірмесіне барады. Ағам – Әлихан музыка мектебінде оқиды. Досым екеуміз қолөнер үйірмесіне қатысамыз. Саша екеуміз қағаздан ойыншық жасадық.

Біз отбасымызбен музейге барып тұрамыз. Атам музедегі көне заттарға ұқсайтын алқа жасады

  «Белгі қою» әдісін қолданыңыз. Оқушылар мәтіндегі түсінбеген сөздер мен сөз тіркестеріне белгі қояды. Мұғалімнің көмегімен мағыналарын анықтайды. Содан соң интербелсендітақтаға мәтін мазмұны бойынша берілген суреттерді көрсетіңіз. Оқушылар осы суреттер бойынша мәтінді мазмқндап шығулары тиіс. Оқушыларды төмендегі дескрипторлар негізінде бағалаңыз:

  •  сурет бойынша шағын мәтін құрастырады;
  •  тірек сөздерді орынды қолданады;
  •  сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;

  Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

 Жазылым. Оқушылардың логикалық дағдыларын жетілдіретін тапсырма. Оқушылар сөйлем контексіне сәйкес жақша ішіндегі сөздерді таңдап жазады. Оқушыларды тақтаға шығарып орындатса, сыныпта өзін-өзі тексеру жұмысы жүреді. Жеке орындалса, мұғалім міндетті түрде жазуларын тексеріп, бағалау керек.

  Айтылым. Оқушылардың айтылым дағдысын жетілдіруге арналған жағдаяттық тапсырма. Мұғалім берілген тапсырманың қалай орындалу керектігін түсіндіреді. Оқулықтағы жағдаяттық тапсырма:

Мектепте колөнер көрмесі болады. Көрмеге өзің жасаған затты апаруың керек. Көршіңмен қандай зат жасайтының туралы ақылдас.

Тапсырманы жұпқа бөліп орындауға болады. Жұптағы оқушылар қолөнер көрмесіне қандай зат апаратыны туралы диалогтік мәтін құрайды. Оқушыларға мәтінде қағаз, гүл, кеме, бояу, желім, сурет сөздері қамтылуын ескертіп отырыңыз. Жұптағы оқушылар рөлге бөлініп, құраған диалогтарын айтып шығады. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрайды.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма стикерін, жақсы әсер алса, «Бәйтерек» ағашына жапырақ стикерін, ал жағымсыз эмоцияда болса, «Тікенек» ағашына төртбұрыш стикерін жапсырып, кері байланыс қалдырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу