№ 14 сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Әзірлемеші: Сейтбекова А.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | № 14 сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім? | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну 3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сурет бойынша мәтін құрайды, жалғауларды дұрыс қолданады. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, сурет бойынша мәтін құрайды, сұрақ-жауапқа қатысады. Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өз ойларыммен бөліседі. | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Лексикалық минимум | - | ||||||||
Грамматикалық минимум | - | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнерді бағалауды үйренеді. Өнерге деген сүйіспеншіктері артады, қызығушылықтары оянады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Еңбекке баулу, тарих, дүниетану | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||||||
Бастапқы білім | |||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Қызығушылықты ояту (Ө) «Өнер» сөзіне ассоциограмма құрады. Сабақтың мақсатымен таныстыру:
|
| |||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Оқылым. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқылым мәтіні.
Мәтінді суреттер арқылы мазмұндайды. Дескрипторлар:
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. (Ө) Жазылым. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Менің атам (алтыннан, күмістен, темірден) алқа жасайды. Нартай (билегенді, домбыра тартқанды, ән айтқанды) жақсы көреді. Нағашы атам (теріден, қағаздан, ағаштан) қамшы тоқиды. Біз қағаздан әртүрлі (тамақ, кітап, ойыншық) жасадық. Музейде (көне, жыртық, жаңа) кітаптар бар. (Ж) Айтылым. Жағдаятты орындайды. Мектепте колөнер көрмесі болады. Көрмеге өзің жасаған затты апаруың керек. Көршіңмен қандай зат жасайтының туралы ақылдас. Тірек сөздер: қағаз, гүл, кеме, бояу, желім, сурет. Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. |
| |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Оқулық, 6-тапсырма. Суретті пайдаланып, сөйлем құра. Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? |
| |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?