13-сабақ. Бұл – Орталық музей. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 13-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Бұл – Орталық музей

 Сабақтың мақсаты:

 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

 3.1 Оқу түрлерін қолдану

 3.​3.​1.​1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

 3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береміз.
  • Сурет бойынша сұрақ-жауап құрамыз.

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз.

 Жаңа сөздерді қайталау. Оқушыларға шолу парағы таратылады. Оқушылар музей тақырыбына қатысты білетін барлық сөздерді жазып, оқып шығады.

 Тыңдалым. Тыңдалым мәтіні оқушылардың нақты ақпаратты тыңдай білу дағдысын қалыптастыруға арналған. Оқушылар мәтінді тыңдап, Орталық музейінен ақпарат алады. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз.

 Орталық музейі Алматы қаласында орналасқан. Ол өте үлкен мұражай. Онда көне бұйымдар сақталған.

  Кітап музейі Алматы қаласында орналасқан. Онда көне кітаптар бар. Олар араб, түркі жазуларыммен жазылған.

  Мәтін бойынша оқушылардың түсінбеген сөздердің мағынасына тоқталыңыз. Мәтін бойынша келесі сұрақтарды қойыңыз:

  •  Орталық музей қайда орналасқан?
  •  Орталық музейде қандай бұйымдар сақталған?
  •  Кітап музейі қайда орналасқан?
  •  Кітап музейінде қандай заттар сақталған?

  Әр оқушы өз бетінше жауап берген соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.

 Оқушылар тапсырмада берілген екі музейді, Орталық музей мен Кітап музейін салыстырады. Бұл тапсырманы орындатуда Венн диаграмасын әдісін қолдануға болады. Оқушыларды үш топқа бөліп, мәтінді Вен диаграммасымен талдатыңыз. Оқушыларға алдын ала А4 форматындағы қағазға Венн диагрммасы сызылған сызбаны дайындап, оқушыларға таратыңыз. Оқушылар Венн диаграммасындағы екі шеңберге екі музейдің суретін бөлек-бөлек сипаттап жазса, ал айқасқан жеріне ортақ келетін сипаттамаларын жазады. Оқушылар музейлерді сипаттауда сабақ барысында үйренген жаңа сөздерді қолданулары тиіс. Әр топ өз талдауларын ортаға шығып қорғайды.

 Қалаулары бойынша бір-екі жұп сыныпқа әңгімелейді. Қалған жұптар «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» сияқты комментарий айту арқылы арқылы бағалайды.

Оқылым. Бұл тапсырма оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастырады. Мәтінді мәнерлеп оқудың үлгісін көрсетеді. Оқушылардың оқу дағдыларын дамыту үшін «Бағытталған оқуды» ұйымдастырыңыз:

 • сөздерді танып-білу дағдыларын дамыту;

 • әріптердің дұрыс дыбысталуын меңгерту;

 • сөздерді оқу үшін фонетикалық білімдерін қолдану және жаңа сөздерді танып білу.

Диалог мәтіні.

  • Батырхан, сен бүгін қайда бардың?
  • Орталық музейге бардым.
  • Музейге кіммен бардың?
  • Ініммен бардым.
  • Ініңе музей ұнады ма?
  • Иә, ұнады. Оған музейдегі көне экспонаттар ұнады.

«Белгі қою» әдісін қолданыңыз. Оқушылар мәтіндегі түсінбеген сөздер мен сөз тіркестеріне белгі қояды. Мұғалімнің көмегімен мағыналарын анықтайды. Оқушыларға диалогтік мәтінді «Телефон» ойыны арқылы меңгертуге болады. Екі оқушы бір-біріне арқаларын сүйеп отырып, телефонмен сөйлескендей болады. Оқушылар «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

 Жазылым. Бұл тапсырма оқушылардың тақырыпқа арналған мәтін мазмұны бойынша түсінгені мен лексикалық минимумды дұрыс қолдану үшін орындалады. Оқушыларды жұпқа бөлуге болады Оқушылаға жаңа сабақтың «Тірек сөздер қобдишасынан» екі немесе үш сөзден сөздерді алу тапсырылады. Жұптағы оқушылар берілген сөздер бойынша диалогтік құрап, рөлге бөлініп оқып бере алады.

 Тірек сөздер тізімі: музей, ашылады, жабылады, күнде, демалыс күндері, ыдыс, киім, құмыра, кітаптар, ұнады, үлкен, әдемі. Оқушыларды төмендегі дескрипторлар негізінде бағалаңыз:

  •  тірек сөздер бойынша шағын мәтін құрастырады;
  •  сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
  •  бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады.

Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сөздерден сөйлем құрайды.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бірін-бірін, өз-өзін бағалайды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма стикерін, жақсы әсер алса, «Бәйтерек» ағашына жапырақ стикерін, ал жағымсыз эмоцияда болса, «Тікенек» ағашына төртбұрыш стикерін жапсырып, кері байланыс қалдырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу