№ 12 сабақ. Мұхтар Әуезовтың музейі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
12-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтың музейі
Сабақтың мақсаты:
1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну
3.1.4.1* тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту
3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту
Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Сурет бойынша мәтінді мазмұндаймыз.
- Септік жалғауларды қолданамыз.
- Көркемдеп жазамыз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
Сұрақтар арқылы коммуникативтік қатынасқа тарту үшін келесі сұрақтарды қойыңыз:
- Қандай мұражайларды білдіңдер?
- Сендерге қандай мұражай ұнады?
Жаңа сөздерді меңгерту. 1 Сабақтың тірек (белгілі) сөзін Мұхтар Әуезовтың шығармашылық өмірімен байланыстырып меңгертіңіз. 2. Жаңа сөзді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: белгілі сөзімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, белгілі жазушы, белгілі ақын, т.б. тіркестерді мысал ретінде келтіріңіз.
Тыңдалым. Тыңдалым мәтіні оқушылардың нақты ақпаратты тыңдай білу дағдысын қалыптастыруға арналған. Оқушылар мәтінді тыңдап, Мұхтар Әуезов музейінен ақпарат алады. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз.
Мұхтар Әуезов белгілі жазушы. Оның балаларға жазған кітаптары көп. Оның музейі Алматы қаласында орналасқан. Музей екіқабатты. Жазушы бұрын мұнда отбасыммен тұрған. Музейде жеті бөлме бар. Біреуі – жұмыс бөлмесі. Жұмыс бөлмесінде жеке кітапханасы бар. Онда алты мыңнан астам кітап сақталған.
Мәтін бойынша оқушылардың түсінбеген сөздердің мағынасына тоқталыңыз. Мәтін бойынша келесі сұрақтарды қойыңыз:
- Мұхтар Әуезов – кім?
- Мұхтар Әуезов үйінде бұрын кім тұрған?
- Музейде қанша кітап сақталған?
Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды.
- Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
- Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
- Мен орташа түсіндім.(3 балл)
- Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
- Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)
Мәтінді интербелсенді тақтада берілген суреттер бойынша мазмұндатыңыз.
Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап береді, мәтінді суреттер бойынша мазмұндайды. Қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәті. «Гүлмен тілек» әдісі. Оқушыларға гүл суреттері таратылады. Оқушылар гүл суреттерінің артына бір-бірінің отбасыларына арнап жақсы тілектер жазады. Сол тілектерін жеткізу арқылы ортада жағымды ахуал қалыптастырады.
Жазылым. Ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар көп нұктенің орнына қажетті сөздіерді жазып, сөйлемдерді толықтырып жазады. Қажетті сөздерді орынды қолдануға машықтанады. Сондай-ақ, оқушыларға әр сөйлемнің соңында тиісті тыныс белгісі қойылатыны, қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қатаң сақталатыны туралы ескертіп отырыңз. Әріптердің көлбеулігін сақтай отырып, қажет сөздерді орнына қойып, дәптерлеріне жазбаша орындайды. Төмендегі дескрипторлар негізінде бағалаңыз:
- көп нүктенің орнына тиісті әріпті қояды;
- мәтінді қатесіз көшіреді.
- бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін сақтайды;
- әріптердің байланысын дұрыс салады.
Жазылым. Сабақ мақсатына сәйкес септік жалғауларды дұрыс қолдануға арналған тапсырма. Оқушыларды үш топқа бөліңіз «Кім жылдам?» ойыны арқылы оқушылар тақтаға үш бағанға бөлінген кестені толтырады. Алдымен оқушыларға төмендегі сөйлемдерді оқытыңыз:
- Мұхтар Әуезовтің музейі Алматы қаласында орналасқан.
- Жазушының балаларға арнап жазған кітаптары бар.
- Жазушы бұрын музейде отбасыммен тұрған.
- Музейде жеті бөлме бар.
- Жұмыс бөлмесінде жеке кітапханасы бар.
Осы сөйлемдердегі Кімнің?Ненің Кімге Неге? Қайда? Неде? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп, тиісті бағанға көшіріп жазады. Тапсырма келесі дескрипторлар бойынша бағаланады:
- ілік септіктегі сөздерді анықтайды;
- барыс септіктегі сөздерді анықтайды;
- табыс септіктегі сөздерді анықтайды.
Үйге тапсырма: , 6-тапсырма.
Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бірін-бірін, өз-өзін бағалайды. Сабақты меңгерсе «Алма» ағашына алма стикерін, жақсы әсер алса, «Бәйтерек» ағашына жапырақ стикерін, ал жағымсыз эмоцияда болса, «Тікенек» ағашына төртбұрыш стикерін жапсырып, кері байланыс қалдырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?