11-сабақ.Саған не ұнады? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
11-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Саған не ұнады?
Сабақтың мақсаты:
3.1 Оқу түрлерін қолдану
3.3.1.1* мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу
4.5 Орфографиялық дағдыларын дамыту
3.4.5.1 Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктер қолдауымен дұрыс жазу
Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.
- Оқылған мәтін бойынша тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндаймыз.
- Сөздерді орфографиялық ережеге сәйкес жазамыз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Жаңа сөздерді меңгерту. 1 Сабақтың тірек (бұрын) сөзін қазір, болашақ сөздерімен салыстыра отырып, сурет арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөзді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: бұрын, қазір сөзімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, Бұл кітап екі жүз жыл бұрын жазылған. Қазіргі кітаптар.
Грамматикалық қоржын. Ұсынылған тапсырма тақырыпқа қатысты грамматикалық минимумды меңгертуге арналған. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты жазылуы мен айтылуында айырмашылықтары бар сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Мысалы, бұрұн, түркү, көнө сөздерінің айтылу ерекшеліктерін үйретеді. Оны тапсырмада берілген [бұрұн], [түркү], [көнө] сөздерін оқытып, жеке, жұптап, топтап оқытады. Мұғалім «Дұрыс айтасың ба?» ойынын жүргізеді. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, жұбымен сұрақ-жауап құрап айтады. Сөздерді айтылуы бойынша дыбыстаған жұп жеңімпаз атанады.
Тыңдалым. Тыңдалым мәтіні оқушылардың нақты ақпаратты тыңдай білу дағдысын қалыптастыруға арналған. Кітап музейі туралы диалогтік мәтінді тыңдап, ақпарат алады. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз.
Әнел: Апай, бұл – қандай музей?
Мұғалім: Бұл – кітап мұражайы.
Әнел: Кітап мұражайының іші қандай кең!
Мұғалім: Иә, мұнда кітаптар көп.
Әнел: Апай! Қандай кітаптар аламыз?
Мұғалім: Бұл жерде көне кітаптар бар. Оларды алуға болмайды.
Әнел: Көне кітаптар қандай тілде жазылған?
Мұғалім: Көне кітаптар бұдан екі жүз жыл бұрын түркі, араб тілдерінде жазылған.
Әнел: Қандай ғажап!
Мәтін бойынша оқушылардың түсінбеген сөздердің мағынасына тоқталыңыз. Оқушылардың назарын мәтінде кездесетін бұрын, түркі, көне сөздердің айтылымына көңіл бөлдіртіңіз. Қалай айтылып тұрғанын сұраңыз.. Мәтін бойынша келесі сұрақтарды қойыңыз:
- Диалог кімдердің арасында болды?
- Олар қайда барды?
- Әнел қандай ақпарат алды?
- Көне кітаптар қанша жыл бұрын жазылған екен?
- Ал сен көне кітаптарды көрдің бе?
- Қазіргі кітаптардан айырмашылығы неде?
Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар берілген сұрақтарға толық жауап беріп, сөйлемдер құрайды. Қабілеті орташа оқушылар мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Жұп арасында мәтінді қайталатып айтқызуға болады.
Оқылым. Ұсынылып отырған тапсырма оқушылардың оқылым дағдысын жетілдіруге арналған. Оқушылар мәтінді мұқият оқиды. Алдымен жеке оқып шығады. Түсінгендерін жұптарына өзара айтып береді. Мәтінді жеткілікті түрде меңгертуге арналған келесі тапсырмаларды орындатыңыз. А) Кестеде берілген суреттер мен сұрақтар бойынша жауаптарын жазады. Мысалы, Бұл көне кітап. Ол түркі тілінде, оныншы ғасырда жазылған. Осылайша қалған кітаптар туралы сипаттама береді. Ә) Тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады: кітап музейі, араб, түркі, оныншы ғасыр, екі жүз жыл бұрын, электронды кітап, ұнады. Бұл тапсырмалар төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
- кітаптардың қай кезде, қай тілде жазылғанын жазады;
- тірек сөздермен мәтінді мазмұндайды.
Жазылым. Оқушылардың сөздерді дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушыларға берілген суретке қатысты тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жаздырыңыз: кітап музейі, араб, түркі, оныншы ғасыр, екі жүз жыл бұрын, электронды кітап, ұнады. 2 сөзбен сөйлем құрастырып жазады. Бұл тапсырмалар төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
- сөздерді қатесіз жазады;
- сөздікпен тексере отырып, қатесін түзетеді;
- сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды.
Жазылым. Дұрыс сөйлем құрауға арналған тапсырма. Алдымен оқушылар кестеде берілген сөз тіркестерін өзара байланыстырып, сөйлем құрайды. Дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жаздырыңыз. «Бірлесіп жазу» әдісін пайдаланыңыз. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіріп отырыңыз. Пунктуациялық белгілердің дұрыс қолдануын қадағалаңыз. Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар бұл тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда «Қатесін тап» ойынын ойнатады. Оларға басқа оқушылардың қатесін тексеру жұмыстары тапсырылады. Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орташа оқушылардың жұмыстарын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша орналастыр.
Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Жасыл түсінікті, Сары орташа, Қызыл түсініксіз. Қызыл түсті дөңгелек көтерген оқушылармен қосымша жұмыс жасаған дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?