9-сабақ. Музей қай көшеде? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 9-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Музей қай көшеде?

 Сабақтың мақсаты:

 2.1 Сөздік қорды толықтыру

 3.​2.​1.​1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану

 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

 1.Мәтінді мазмұндаймыз.

 2. Сұхбатқа қатысамыз.

 3. Қандай? Қашан? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерді топтастырамыз.

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:

  •  Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
  •  Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
  •  Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы бұйым, сандық сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: бұйым, сандық сөздерімен келетін тіркестері мен сөйлемдерді мәнерлептіп оқытыңыз. Мәселен, Музейде көне бұйымдар сақталады. Мынау – сандық.

 

 Грамматикалық қоржын. Ұсынылған тапсырма тақырыпқа қатысты грамматикалық минимумды меңгертуге арналған. Қайда? Қашан? Қандай? сұраулы есімдіктеріне қатысты грамматикаға қысқаша түсініктеме беріңіз. Осы сұраулы есімдіктерге жауап беретін мысалдарды көптеп келтіртіңіз. Өзара айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

 Тыңдалым. Мәтінді тыңдамас бұрын мәтінде кездесетін жаңа сөздермен таныстырады. Осыдан кейін мәтінді екі рет тыңдайды.

  Мынау – Орталық музей. Музей Назарбаев көшесінде орналасқан. Музейде көне бұйымдар сақталады. Мен көне сандықтарды көрдім. Сандыққа түрлі бұйымдар салады. Сандықтар үлкен, кішкентай болады. Сандықтардың бетінде ою-өрнек бар. Маған кішкентай сандық ұнады. Оны кобдиша дейді.

 Мәтінді қаншалықты түсінгендерін анықтау үшін келесі тапсырманы орындатыңыз. Оқушылар кестеде берілген сөйлемдерді мұқият оқып, «дұрыс» немесе «бұрыс» картасын көрсетеді.

 Орталық музей Назарбаев көшесінде орналасқан.

 Музейде жаңа бұйымдар сақталады.

 Сандықтардың бетінде ою-өрнек болмайды.

 Сандықтар үлкен, кішкентай болады.

 Кобдиша – үлкен сандық

 

Одан кейін «Дұрыс/бұрыс» ойыны ойналады. Мәтін бойынша 1 дұрыс, 1 бұрыс сөйлем құрастырады. Сөйлемдеріңді жұбыңа жасырады. Оның сөйлемдерін тыңдап, дұрыс/бұрыстығын анықтайды. Тірек сөздердің көмегімен мәтінді мазмұндайды.

Тірек сөздер: музей, орналасқан, бұйым, сандық, қобдиша.

Дескрипторлар:

 - мәтіннің мазмұнына сәйкес дұрыс/бұрыс сөйлемдерді анықтайды.

 - мәтінді мазмұндайды;

  Оқушылар бас бармақ арқылы бірін-бірін бағалайды.

 

  Сергіту сәті. «Қай сөз артық?» ойынын ойнатыңыз. Интербелсендітақтаға қобдиша, сандық, бұйым, қобыз, ойыншық сөздері жазылған шарлар бар. Оқушылар артық шарды тауып айтылура тиіс. Бұл оқушылардың сабақ барысандағы тірек сөздерді естеріне сақтауларына көмектеседі.

Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Оқушылар үшін таныс емес сөздердің мағыналырын ым-ишарамен, синоним сөздермен түсіндіріңіз. Одан кейін оқушыларға үлгі бойынша сұрақтар құрастыртыңыз. Мәтін бойынша Қандай? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді үш бағанға топтастырып жаздырыңыз.

 Айтылым. Оқушылардың айтылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Интербелсендітақтадан екі баланың телефон арқылы сөйлесіп тұрған суретін көрсетіңіз. Оқушыларға осы екі баланың музейге қалай бірге баратыны туралы диалог құрастыруды тапсырыңыз. Диалог құрастыруға қажетті тірек сөздерді ұсыныңыз. Диалог тақырыбын «Музейге бірге барамыз!» тақырыбын тақтадан көрсетіңіз.Оқушылардың құрған сұхбаттарын төмендегі дескрипторла бойынша бағалаңыз:

  • сұхбаттасына сұрақтар қояды;
  • сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
  • сөздерді дұрыс қолданады

Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады.

  • Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл)
  •  Мен жақсы түсіндім.(4 балл)
  •  Мен орташа түсіндім.(3 балл)
  •  Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл)
  •  Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл)

.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақты өте жақсы меңгерсе, «Алма» ағашына, жақсы түсінсе, «Бәйтерек» ағашына, ал түсініксіз болса, «Тікенек» ағашына стикер қалдырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу