8-сабақ. Қолөнер шебері. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
8-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Қолөнер шебері
Сабақтың мақсаты:
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
3.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу
3.3.5.1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу
Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:
- Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеміз.
- Анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табамыз.
- Кім?», «Қандай?», «Не істеді?» деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді топтастырамыз.
Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:
- Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
- Сабақтың ң тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
- Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы алқа, тері, кілем сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: алқа, тері, кілем сөздерімен келетін сөйлемдерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, Алқаны күмістен жасайды. Алқаны тағы неден жасайды деп ойлайсың? Теріден қамшы тоқиды. Теріден тақы не тоқиды? Кілемді жіптен тоқиды.
Жіптен тағы не тоқиды?
Тыңдалым. Берілген тыңдалым мәтіні оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдіруге бағытталған. Тапсырма ұжыммен орындалады. Мәтінді екі рет тыңдатыңыз. Оқушыларға мәтіндегі тірек сөздерді тапқызыңыз. Мәтінді қаншалықты түсінгендерін білу үшін кестеде берілген суреттер мен сұрақтар бойынша жауап жазады.
«Өзіндік бағалау» әдісі бойынша оқушылар берілген сұрақтарға өзінің дайындық деңгейін мұғалім сұрағына қол көтеру арқылы байқатады: Кім “беске” дайын? Кім “төртке” дайын? Кім “үшке” дайын? Кім мүлде дайын емес?
Тыңдалымнан кейін келесі тапсырманы орындатыңыз. Оқушыларға тірек сөздер негізінде мәтінді мазмұндатыңыз. Тірек сөздер: сыйлық, алқа, моншақ, тоқыды.
Оқушылар жұпқа бөліңіз. Бірінші жұп екінші жұпқа, екінші жұп бірінші жұпқа әңгімелейді. Үшінші жұп төртінші жұпқа, төртінші жұп үшінші жұпқа әңгімелейді.
Жұптар дескриптор бойынша бір-бірін бағалайды.
Дескрипторлар:
- Тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтады.
- Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
Сергіту сәті. «Мен таптым». Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
.
Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Мәтінді ұаншалықты түсінгендерін анықтау үшін кестеде берілген сөйлемдерге «иә»() немесе «жоқ»(×) деп жауап береді. Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
- мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
- жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.
Жазылым. Оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушылар топқа бөлініп, ақпарат құралдарынан моншақ тоқитын балалар туралы мәлімет жинайды. Олар моншақтан қандай бұйымдар жасағанын айтады. Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:
- тақырыпқа қатысты ақпаратты іріктейді;
- ақпаратты кестеге түсіреді. Жұптар өз-өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрап жазу.
Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Жасыл түсінікті, Сары орташа, Қызыл түсініксіз. Қызыл түсті дөңгелек көтерген оқушылармен қосымша жұмыс жасаған дұрыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?