6-сабақ. Қағаздан ойыншық жасадық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 6-САБАҚ

 

 Сабақтың тақырыбы: Қағаздан ойыншық жасадық.

 Сабақтың мақсаты:

 4.2 Тыңдаған/ оқыған/көрген материалдың мазмұнын жазу

 3.​4.​2.​1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

 3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

 Сабаққа қажетті ресурстар: аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

 Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  •  Тірек сөздерді қолданып, мәтін құраймыз.
  •  Шағын мәтіннен септік, жіктік жалғауларды ажыратамыз.
  •  Тақырып бойынша сөйлемдер құраймыз.

 Сабақтың басы. Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттерге назарларын аудартып, сабақтың тақырыбын болжатыңыз. Оқушыларға суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз:

  •  Суреттерден нені көріп тұрсыңдар?
  •  Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
  •  Оқушылар суреттер арқылы жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.

 

 Жаңа сөздерді меңгерту. 1.«Сөйлеу қабырғалары» арқылы қылқалам, ою, өрнек, бояу сөздерін суреттер арқылы меңгертіңіз. 2. Жаңа сөздерді дұрыс айтқызып дағдаландыру үшін келесі әрекеттерді орындатыңыз: қылқалам, ою, өрнек, бояу сөздерімен келетін тіркестерді мәнерлеп оқытыңыз. Мәселен, қылқалам үйірмесі, әдемі ою, қызыл бояу.

 

 Грамматикалық қоржын. Ұсынылған тапсырма тақырыпқа қатысты грамматикалық минимумды меңгертуге арналған. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты жазылуы мен айтылуында айырмашылықтары бар сөздерді интербелсенді тақтадан көрсетеді. Мысалы, қылқалам, ою, өрнек, бояу, қию сөздерінің айтылу ерекшеліктерін үйретеді. Оны тапсырмада берілген [қылғалам], [ойұу], [ойұу], [өрнөк], [бойаұу], [қыйұу]сөздерін оқытып, жеке, жұптап, топтап оқытады. Мұғалім «Дұрыс айтасың ба?» ойынын жүргізеді. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, жұбымен сұрақ-жауап құрап айтады. Сөздерді айтылуы бойынша дыбыстаған жұп жеңімпаз атанады.

Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді. Одан кейін мәтін бойынша суреттердің ретін табады. Сандармен белгілейді. Берілген тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын жазады: демалыс, қағаз, өрнек, бояу, желім, ілу

Төмендегі дескрипторлар бойынша бағаланады:

  •  мәтін мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтайды;
  •  жүйесін сақтай отырып, мәтіннің мазмұнын жазады;
  •  тірек сөздерді орынды қолданады;
  •  сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.

Жазылым. Оқушылардың жазылым дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырма. Оқушылар топқа бөлініп, сурет бойынша берілген тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлем құрап, жазады. Мұғалім дұрыс құрылған сөйлемді дәптерлеріне жаздырады. Тапсырманы орындауда «Бірлесіп жазу» әдісін қолданыңыз. Келесі дескрипторлар бойынша бағалаңыз:

  •  кемінде үш сөйлем;
  •  сөйлемнің орын тәртібінің дұрыс құрылуы.

 Айтылым. Берілген тапсырманың қалай орындалу керектігін түсіндіріңіз. «Сұхбат алу» ойынын ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөліңіз. Оқушылар диалогтегі жауаптарымен танысады:

 - Бүгін – демалыс.

 - Саша мен Әлібек қағаздан ойыншық жасады.

 - Әлібек қағаз қиды.

 - Саша оны бояды.

 - Олар қағаздан әртүрлі ойыншық жасады.

  Олар тақырыпқа қатысты бірі – тілшінің сұрағын, бірі - зергердің сұрағын құрастырып, диалогтік мәтін құрайды. 3 сұрақ пен 3 жауаптың болуы жеткілікті. Оқушыларға микрофон ұстатқан жөн. Өзара коммуникативтік қатынасқа түсіп, «Сұхбат алу» ойынын бастайды. Қабілеті жоғары оқушылар тілшінің де, зергердің сұрақ-жауаптарын құрастыра алады, өз рөлдерін жақсы сомдайды. Қабілеті орташа оқушылар сұрақ-жауапты мұғалімнің көмегімен құрастырады. Коммуникативтік қатынасқа ілеседі.

Жазылым. Жіктік жалғауларды орнымен дұрыс қолдануға арналған тапсырма. Тапсырмадағы қажетті сөздерді оқушыларға оқытыңыз. Содан соң оқушылар тапсырмада берілген сөйлемдердегі бос орындарды қажетті сөздермен толықтырады. Дұрыс құрылған сөйлемдерді дәптерлеріне жаздырыңыз. «Бірлесіп жазу» әдісін пайдаланыңыз. Сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіріп отырыңыз. Пунктуациялық белгілердің дұрыс қолдануын қадағалаңыз. Қабылдау қабілеті жоғары оқушылар бұл тапсырманы қатесіз орындаған жағдайда «Қатесін тап» ойынын ойнатады. Оларға басқа оқушылардың қатесін тексеру жұмыстары тапсырылады.

Одан кейін келесі тапсырманы орындатыңыз. Интербелсендітақтаға шағын мәтінді көрсетіңіз. Оқушылар мәтіннен Нені? Ненің? Неммен? Қайда? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып, кестені толтырады. Бұл тапсырмаларды орындатуда төмендегідей дескрипторлармен бағалаңыз:

  • жіктік жалғауларды анықтайды,
  • ілік септіктегі сөздерді анықтайды;
  • барыс септіктегі сөздерді анықтайды;
  • табыс септіктегі сөздерді анықтайды;
  • жатыс септіктегі сөзді анықтайды.

Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті орташа оқушылардың жұмыстарын екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма: Тірек сөздерге сйлем құрау.

Рефлексия. Оқушылар «Бағдаршам» әдісі бойынша (жасыл, сары, қызыл түсті дөңгелектер арқылы) қаншалықты түсінгендерін көрсетіп, тиісті дөңгелектерін көтереді. Жасыл түсінікті, Сары орташа, Қызыл түсініксіз. Қызыл түсті дөңгелек көтерген оқушылармен қосымша жұмыс жасаған дұрыс.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу