5-сабақ. Менің досым шебер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Өнер

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Сейтбекова А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

5-сабақ. Менің досым шебер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

Сабақ мақсаттары

  • Шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
  • Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру
  • Сұхбатқа қатысу

Оқушылардың барлығы: тақырыпқа қатысты негізгі ойды түсінеді, сөйлем құрайды.

Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, мұғалімнің қолдауымен сұхбатқа қатысады.

Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтінге қатысты толықтырып өз пікірлерін айтады.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Сөздерді дұрыс байланыстырады.

Тақырып бойынша диалогқа қатысады.

Лексикалық минимум

қолөнер, шебер

Грамматикалық минимум

Болады, болмайды

Құндылықтарды дарыту

Қолөнерге, еңбекті бағалауға баулу, үнемшілдікке, сабырлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Еңбекке баулу

АКТ қолдану дағдылары

аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Ағам қобыз тартады

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Комплимент». Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.

Сабақ мақсатымен таныстыру:

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну.
  • Оқыған мәтіннің мазмұнын айту.
  • Сөйлемдерді дұрыс құрау.

Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.

Бүгінгі сабағымыз не туралы деп ойлайсыңдар?

 

Сабақтың ортасы

(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту

Бұл – шеберхана.

Балалар қолөнермен айналысады.

(Ұ) Тыңдалым. Тыңдалымалды сұрақтар қойылады:

Шеберханада қандай заттар болады?

Қолөнермен айналысып көрдің бе?

(Ө) Тыңдалым мәтіні.

Тыңдалым тапсырмасы.

А) Мәтіндегі сөйлемдердің ретін белгіле.

Мұғалім тақтайдан әртүрлі заттар жасауды үйретеді.

Біздің мектепте шеберхана бар.

Біз құстың ұясын жасаймыз.

Бұны қолөнер дейді.

Шеберханада аралар, тақтайлар, шегелер бар.

Ә) Сәйкестендір.

Шебер

Қолдан жасалатын бұйымдар.

Қолөнер

Түрлі материалдардан бұйымдар жасайтын адам.

Шеберхана

Қолдан түрлі бұйымдарды жасауға арналған бөлме.

Б) Тақтада көрсетілген дұрыс нұсқамен өз жауаптарын тексереді, өзін-өзі бағалайды.

Сергіту сәті.

Грамматикалық қоржын

Шығу + ға

Кіру + ге

болады

болмайды

Ө) Айтылым. Сөйлемдерді суреттермен сәйкестендіреді. Олармен сөйлем құрап айтады.

қағаз

желім

қайшы

ине

) Оқылым. «Белгі қойып оқу» әдісі. Әр оқушы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқып отырып, таныс емес сөздерге немесе түсінбеген тұстарына белгі қойып отырады. Содан кейін қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бұл сөздерге түсінік береді. Мәтінді оқып, мазмұны бойынша «Болады, «Болмайды» деп жауап беретіндей сұрақтар құрастырады. Үлгі. Инені ауызға салуға болады ма?

Оқылым мәтіні.

Топтар бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, «Шапалақ» әдісі бойынша бағалайды.\

«Шапалақ» әдісі арқылы жауаптарын бағалайды.

«Орташа» жауапқа 1 рет шапалақ ұру.

«Жақсы» жауапқа 2 рет шапалақ ұру

«Тамаша» «Өте жақсы» жауапқа 3 рет шапалақ ұру

(Т) Жазылым. Берілген сөздерді өзара байланыстырып, сөйлем құрайды. Тапсырманы орындап болған соң, «үздік жұмысты» анықтайды. Үздік жұмыс иесі тапсырманы тақтаға шығып оқиды.

(Ж) Айтылым. Оқулықта берілген сурет пен тірек сөздер бойынша диалог құрайды.

Тірек сөздер: қуыршақ, әдемі, жасау, қолөнер, тігу, мата, қолөнер.

Жұптар тақтаға шығып, тақырып бойынша сөйлеседі.

Төмендегі дескриптор бойынша бағаланады:

  • тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
  • сұхбаттасына сұрақтар қояды;
  • сұхбаттасының сұрақтарына жауап береді;
  • диалогте берілген мәселелерді қамтиды;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

 

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: 3-тапсырма. Сөздердегі жетіспеген әріптерді табады. Дәптерлеріне жазады.

Рефлексия

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу