№ 3 сабақ. Інім ән айтады. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Әзірлемеші: Сейтбекова А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | № 3 сабақ. Інім ән айтады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау 3.3.3.1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау 4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту 3.4.4.1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Мәтін жанрын анықтау 2. Сұрақтарға жауап беру 3. Көркемдеп жазу Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, мәтін жанрын ажыратады, сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі: мәтіннің мазмұнын тірек сөздердің көмегімен айтады, мұғалімнің қолдауымен дилогті толықтырады. Оқушылардың кейбірі: оқыған мәтінге қатысты өз пікірін айтады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Мәтін мазмұнын түсінеді. Мәтін жанрын ажыратады. Коммуникативтік қатынасқа түседі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лексикалық минимум | қу, ән | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Сұрау есімдігі: Қандай? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ән өнерінің ерекшелігін түсінеді. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Музыка | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Аудиотаспа, интербелсендітақта, таныстырылым | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қарындасым билейді | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Ой қозғау. Оқушыларға интербелсендітақтағы суреттер арқылы тараудың тақырыбын болжату. Оқушыларды суреттер негізінде сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тарту:
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды. Сабақтың мақсаттарымен таныстыру:
|
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Сабақтың тірек (қу) сөзін сурет, сұрақ-жауап арқылы меңгерту.
(Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдайды.
А) Мәтін не туралы?
Ә) Мұғалім оқушылардың түсінгендерін пысықтау үшін төмендегі сұрақтарға назарларын аудартады. • Нұрай қандай өнерді жақсы көреді? • Нұрайдың ән қоржынында қандай әндер бар? • Нұрайдың сүйікті әні қандай? • Нұрай қандай байқауға қатысты? • Нұрай болашақта кім болғысы келеді? Ал сенің ән қоржының бар ма? Ән қоржыныңда қандай әндер бар? (Ө) Оқылым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді оқып, мәтін жанрын ажыратады. Жаңа сөздерді белгілейді. Нартай өлең, ал Нұркен мәтін жазды. Берілген мәтіннің қайсысын Нартай, қайсысын Нұркен жазды.
Айтылым. Оқушылар суреттер арқылы Нартайдың нені жақсы көретінін айтады. Нартай нені жақсы көреді?
Жауабы: 1. Нартай ән айтқанды жақсы көреді. 2. Нартай сурет салғанды жақсы көреді. 3. Нартай қу түлкі туралы ертегіні жақсы көреді. 4. Нартай қу түлкі туралы тақпақты жақсы көреді. Оқушылар өзара бірін-бірін бас бармақ арқылы бағалайды. (МК,Ұ) Грамматикалық қоржын Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.
Сергіту сәті. Ал балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Оңға қарай бұрылып, Солға қарай бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Бой сергітіп алайық. (Т) Жазылым. Оқушылар топқа бөлініп, «Кім жылдам?» ойыны арқылы көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, көркемдеп жазады. Дескриптор:
Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бірден бағалап отырады. (Ж) Айтылым. Берілген ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілеп, себебін үлгі бойынша дәлелдеп айтады.
(Ө) Айтылым. Оқушылар диалогтегі сұрақтармен танысады: Сенің атың кім? Ініңнің аты кім? Ол нешінші сынапта оқиды? Ол не істейді? Оның даусы қандай? Ол қандай үйірмеге барады? Сұрақтармен таныс болған соң, мұғалім жұпқа бөліп, «Сұхбат жүргізу» ойынын ойнатады. Оқушының біреуі – тілші, екіншісі – қонақ. Дескриптор:
Рефлексия. Сабақты жетістік баспалдағы арқылы бағалайды. |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: 5-тапсырма. Диаграмманы толтыру |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?