№ 1 сабақ. Отбасым өнерлі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақтың тақырыбы: Отбасым өнерлі

 Сабақтың мақсаты:

 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну

  3.​1.​3.​1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау

 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

 3.​2.​3.​1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру

 Сабаққа қажетті құралдар: сөйлеу қабырғалары (суретті сөздік, ірі әріптермен жазылған тірек сөздер мен сөйлемдер), аудиомәтін, ақ парақтар, фломастер

 Сабақты жоспарлау. Сабаққа қажетті ресурстарды алдын ала қажетіне қарай дайындаңыз. Сыныптағы әр баланың қабілетін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Қабылдауы төмен оқушыларға қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Жаңа тараудың коллажбен суреттерді көрсету арқылы тараудың тақырыбына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын міндетті түрде таныстыру қажет. Сабақтың мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтыңыз. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін білу керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгертуде «Арт-кластер» әдісін қолданыңыз. Жаңа сабақтың тірек сөздерін суретпен сәйкестендіріп болған соң, дауыстатып айтқызыңыз. Жаңа сөздермен келетін сөз тіркестері мен сөйлемдерді оқытыңыз. Өнердің түрлерін айтқанда, өнер сөзіне тәуелдік жалғауы қосылатынын түсіндіріңіз. Мысалы, би өнер+і, т.б. Одан кейін жаңа тақырыпқа қатысты суреттерді көрсете отырып, отбасы мүшелерінің қандай өнермен айналысатыны туралы сұрақтар қойып, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз.

 Тыңдалым. Мәтінді тыңдамастан бұрын мәтіннің мазмұнына сәйкес мәтіналды сұрақтар қойыңыз. Мәтіндегі қиын сөздер мен тіркестерге түсініктеме беріңіз. Мәтінді екі рет үнтаспадан тыңдатыңыз. Мәтін тыңдалып болғаннан кейін, оқушыларды жұпқа бөліп, “Блиц-бақылау” әдісімен мәтін бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады (сұрақтарды кезекпен оқып тұру немесе тақтадан көрсету). Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді.

 Тыңдалымнан кейін суреттерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады және жұптар бір-біріне суреттердің көмегімен ауызша әңгімелейді. Қалаулары бойынша бір-екі жұп сыныпқа әңгімелейді. Қалған жұптар «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын» сияқты комментарий айту арқылы бағалайды.Соңында оқушылар бірін-бірін бағалайды.

 Жазылым. Оқушылардан оқулықта берілген тапсырманың қалай орындалу керектігі туралы сұраңыз. Себебі мұндай үлгідегі тапсырмаларды жиі орындалады. Тиісті жауапты алғаннан кейін, оқушыларды жұпқа бөліңіз. Жұптар арасында «Кім жылдам?» ойынын орындатыңыз. Оқушылар көп нүктенің орнына қажетті қосымшаны жалғап, дәптерлеріне жазып болғаннан кейін, бір-бірлерінің қатесін тексеріп, түзетуін сұраңыз. Қажетті қосымша жалғанған сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін сұраңыз. Сөйлемдерді толық оқытыңыз.

 Оқушыларға тапсырмадағы берілген сөйлемдердің мазмұнына сәйкес интербелсендітақтадан суреттер көрсетіңіз. Оқушылар суреттерді сөйлемдермен айтып шығады. Берілген сөздерге қажетті қосымшаларды жалаң түрде жалғап қана қоймай, сөйлеу қабілетін де жетілдіруге болады.

 Айтылым. Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Интербелсендітақтаға өз отбасыларының өнері туралы сөйлем үлгісін жазып қойыңыз. «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша берілген суретке қарап, өз отбасыларының өнері жайында айтады. Қабілеті жоғары оқушылар өз жұбына тақырып бойынша сұрақтар дайындайды. Өзара сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Қабілеті жоғары оқушылар өз ойларыммен бөліседі, сыныптасының ойын толықтырады. Оқушылар «Баспалдақ» әдісі бойынша кері байланыс жасайды.

Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріп, сабаққа рефлексия жасатуға уақыт беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу