Нәтиже сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

5-бөлім: Өнер

15-сабақ «Нәтиже сабақ»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым, айтылым, жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан басталады. «Менің көңіл - күйім» жаттығуы ұйымдастырылады. Мақсаты: оқушылардың көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы қағаз бетіне өз көңіл - күйлерін суреттеп салады. Басқа оқушылар 1-2 сөйлеммен суреттерді сөйлетеді.
  • Ой шақыру кезеңінде «Сұрақ Бізден, жауап Сізден» ойыны жүргізіледі. Анимация арқылы сұрақтар ретімен шығып отырады. Бұл жұмыс түрі шапшаңдыққа жетелейді.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін ұғынуы керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушылары тарау бойынша игерілген әр сөзді орынды қолдана білуі тиіс.
  • Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .

Оқылым, айтылым мен жазылым

  • Сынып оқушыларына оқылым тапсырмасы жұптық жұмыста жүргізіледі. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастыруы қажет. Тапсырма орындалғаннан кейін қысқа мадақтау айту арқылы бағалау («Жарайсыздар!», «Тамаша!») деп кері байланыс бересіз.
  • Сынып оқушылар топқа топтастырылып, «Кім тез табар екен?» ойыны ұйымдастырылады. Сөздерді жүйелі қолдану арқылы «Өнер» тақырыбына қатысты мақал-мәтелдер құрастырып, мағынасын ашып түсіндіреді. 1-тапсырма бойынша балалардың сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тапсырманы тізбегін ұсына аласыз. Ал 2- тапсырмада үлгіні ұсына отырып, оқушылар жалғаудың түрлеріне қатысты сөйлем құрастырулары қажет. Сабақ барысында сөйлем құрылымын сақтай отырып, тапсырманы дұрыс орындауын қадағалап отырыңыз.
  • Келесі кезекте сынып оқушылары тапсырманы өз бетінше орындауы тиіс. А-тапсырмасы: сурет бойынша «айналысу», «арманым», «жауапкершілік» деген сөздерді пайдаланып, қолөнердің бір түрін таңдап 4-5 сөйлеммен әңгімелеп жазса, Ә-тапсырмасында: сурет бойынша «өнерлі», «киелі», «керемет», «сахна» деген сөздерді пайдаланып, «Өнерлі отбасы» тақырыбында 4-5 сөйлеммен әңгімелеп айтады. Тапсырма орындалғаннан кейін «Тапсырма орындауда не қиын болды?» деген сұраққа жауап аласыз.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен зейінділігін арттыру мақсатында сергіту кезеңіне балалардың белсенді қатысуын қадағалаңыз.
  • Тілдесімде сынып оқушылары түрлі түсті қағаздар арқылы жұптасады. Берілген сұрақтар тізбегіне жауап беру үшін өзара сұхбат жүргізеді.Оқушылардың тақырып аясында тірек сөздерді орынды әрі ұтымды қолдана алуына бағыт-бағдар бере отырыңыз. Бұл жұмыс түрі оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштауға мүмкіндік береді. Тапсырма орындалғаннан кейін «Түс» түрлері арқылы жауаптарын бағалайды.
  • Сынып оқушылары сабақ соңында «Түсінемін, білемін, жасай аламын» бойынша рефлексияға қатысады. Рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу