Зергерлік өнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

5-бөлім: Өнер

13-сабақ «Зергерлік өнер»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан басталады. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік. Оқушылар ұнаған фигураны таңдап, өзіне қатысты мінездеміне тыңдайды. Оқушылардың өзара бір-біріне жақындасып қана қоймай, достық қарым-қатынастырының нығайуына ықпал ете аласыз.
  • Ой шақыру кезеңінде «Кел шешейік, ребусты тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар жасырылған ребусты дұрыс шешуі тиіс. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін ұштай аласыз. Сонымен қатар жасырылған ребусты шешу арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін ұғынуы керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушылары берілген анықтамаларды қажетті сөздерге орналастыру тапсырмасын орындайды. Тапсырманы дұрыс немесе бұрыс орындағанына қатысты кері байланыс бере аласыз.
  • Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .

Тыңдалым мен айтылым

  • Сынып оқушыларына тыңдалым тапсырмасы беріледі. Мәтінді мұқият тыңдап, тірек сөздерді теріп жазып шығуы керек. Тапсырма орындалғаннан кейін міндетті түрде кері байланыс жүргізуді назардан тыс қалдырмаңыз.
  • Тыңдалымнан кейінгі 1-тапсырмада оқушылар мәтінге сәйкес келетін 2 тұжырымды белгілеп орындауы қажет. Ал 2-тапсырмада кестеде берілген сөздердің қай септікте тұрғанын анықтайды. Сабақ барысында грамматикалық жағынан сауаттылығы да бақылауға алынады.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен зейінділігін арттыру мақсатында сергіту кезеңіне балалардың белсенді қатысуын бақылауды ұмытпаңыз.
  • Айтылым дағдысына қатысты ұсынылатын тапсырманың шартты түсіндіріледі. Сұрақтарға жауап беріп, тірек сөздерді қолдана отырып сұхбат жүргізеді. Сабақ үдерісінде оқушылардың сөздік қорын толықтырумен қатар, сөз саптау шеберлігін ұштау мақсатында суретпен жұмыс түрін ұйымдастыру тиімді. Оқушылардың тірек сөздерді ұтымды қолдана алуына ықпал етуді естен шығарып алмаңыз.
  • Сынып оқушылары сабақ соңында «Табыс сатысы» бойынша рефлексияға қатысады. Рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу