Ұлттық бұйымдар. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

5-бөлім: Өнер

12-сабақ «Ұлттық бұйымдар»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Психологиялық жағымды ахуал қалыптастырудан басталады.Оқушылардың қатысуымен «Құпия дос» ойыны жүргізіледі. Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.
  • Ой шақыру кезеңінде «Кел ойлайық, ойлайық!» тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар назарына бірнеше ұлттық бұйымдар тізбегі көрсетіледі. Балалар дұрыс атауын табу керек. Суреттерге қарай отырып, сабақтың тақырыбын болжайды.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін ұғынуы керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушыларына келесі тапсырма түрі ұсынылады. Берілген суретке қарай отырып, бос орынға Қ-Ғ төл дыбыстарын қойып жазса, бұйымның атауы шығады. Жаңа сөздерді сөз тіркесі мен сөйлем құрастыру арқылы бекітуге болады.
  • Жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын бақылауда ұстауды ұмытпаңыз .

Айтылым мен жазылым

  • Сынып оқушыларының назарына мәтінмен жұмыс түрі ұсынылады. Мәтінмен танысып болғаннан кейін, сызба бойынша сөйлем құрастырады. Тапсырма орындалғаннан кейін міндетті түрде кері байланыс жүргізуді назардан тыс қалдырмаңыз.
  • Оқушылар келесі тапсырмада суреттерге сүйене отырып, берілген сұрақтар тізбегіне жауап береді. Бұл тапсырма арқылы ойлау әрі есте сақтау қабілетін ұштай аласыз.
  • Сауатты жазу дағдысын жетілдіру мақсатында берілген сөйлемдерге қажетті тыныс белгіні дұрыс қолдана алу дағдысын дамытуға болады. Оқушылардың көркем әрі ұқыпты жазуын бақылауды ұмытпаңыз.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен зейінділігін арттыру мақсатында сергіту кезеңіне балалардың белсенді қатысуын бақылауды ұмытпаңыз.
  • Жазылым дағдысына қатысты ұсынылатын тапсырманың шартты түсіндіріледі. Оқушылар «Ұлттық бұйымдар сені қызықтырады ма? Неге?» деген сұраққа қатысты өзіндік ойын 4-5 сөйлеммен бөлісуі қажет. Балалардың сыни ойлау қабілетін шығармашылық жұмыс арқылы жетілдіруге болады. Жазылым барысында тірек сөздерді басшылыққа алып, тапсырманың дұрыс орындауын жүзеге асыру көзделеді. Қарастырып отырған сұрақ аясында тірек сөздерді ұтымды қолдана білуін бақылауды ұмытпаңыз.
  • Сынып оқушылары сабақ соңында «Білім қоржыны» стратегиясы бойынша рефлексияға қатысады. Рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу