Қолөнер. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Күні:

Сынып: 3

11-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қолөнер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.3.2.1. жиі қолданатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

2.2. Берілген тақырып бойынша сөйлеу

3.2.2.1.берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы мәтінді түсінеді, жай сөйлем құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Мәтін мазмұнын түсінеді, тақырып бойынша 3-4 сөйлеммен әңгімелейді.

Оқушылардың кейбірі:

Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, құрмалас сөйлем құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді
  • Берілген тақырып бойынша сөйлейді.

Лексикалық минимум

Қолөнер, тері, шебер

Грамматикалық минимум

Көптік жалғау: -лар,-лер, -дар, -дер,-тар,-тер

Құндылықтарды дарыту

Өнер тақырыбы аясында ұлттық құндылықтарды насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

4-бөлім: Сәулет өнері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

Шаттық шеңбер: «Сен керемет жансың, себебі ...»

Оқушы бойындағы бір қасиетті атап, мадақтама сөздер айтылады.

Ой шақыру

(Ұ)

  • Бұл сурттен нені байқадың?
  • Сабаққа қандай қатысы бар?
  • Тақырып қандай болады?

Сабақтың тақырыбын болжау

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Мәтіннің мазмұнын түсінеді;
  • Берілген тақырып бойынша сөйлейді.

 Слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Оқылым алды тапсырмасы:

Жаңа сөздерді меңгерту

Тапсырма: Кестеде берілген сөздерді мағынасына қарай сәйкестендір.

1

Қолөнер

А

Сойылған мал не аңның етінен сылынып алынған шикізат..

2

Тері

Ә

Қолынан іс келетін өнерпаз адам, ісмер, ұста.

3

Шебер

Б

Қандай да бір бұйым, зат жасап шығаруға баулитын кәсіп.

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін және сөйлем құрастырып бекіту

Оқылым тапсырмасы:

  • (Ұ) Мәтінді мұқият оқы.

Қазақ халқы өнерге бай. Соның бірі – қолөнер. Қолөнердің түрлері өте көп. Қолөнермен айналысатын адам шебер болады. Шебер адам кез келген заттан түрлі заттар жасайды. Мысалы теріден киім тіге алады. Теріден киім тігу тек шебер адамның қолынан келеді. Қоғамда қолынан іс келетін өнерпаз адамдар өте көп.

  • Сұрақтарға жауап бер.

1) Қазақ халқы неге бай?

2) Өнермен қандай адам айналысады?

3) Теріден қандай заттар жасалады?

  • Мәтіннен жаңа сөздерді теріп жаз.

(Қолөнер, шебер, теріден)

  • (Ж) Кестедегі сөйлемдерді оқы. Қажетті жалғауды қойып жаз.

-лар, -лер,-дар,-дер, -тар, -тер

Адам.... қолөнермен айналысады.

Қолөнер орталығына жас.... келді.

Теріден киім... тігеді.

Тігумен,тоқумен қыз бала.... айналысады.

Қоғамда өнерлі жігіт... көп. Қолөнер туындыларымен көше.... безендірілді.

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;
  • тірек сөздерді теріп жазады;
  • сөйлемді жалғаулармен толықтырады..

Кері байланыс: Қолөнер туралы не білдің?

«Шапалақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті:

Оқушылар жаттығуды экранға қарап орындайды

Оқылымнан кейінгі тапсырма:

(Ж)

1-тапсырма:

Мәтіннен төмендегі сөздердің баламасын тап. (халық, адам,көп, шебер,іс, жасайды)

1.Ел ................ 4.Ісмер ...............

2. Тұлға ............... 5. Шаруа ................

3. Мол ............... 6.Істейді ................

2-тапсырма:

Берілген сөздерден 3-4 сөйлем құрастыр.

Дескриптор:

  • тақырып бойынша сөздердің баламасын анықтайды;
  • сөйлем құрастырады. (жай немесе құрмалас)

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі.

(ЖЖ) Айтылым

Тапсырма: Суреттерге сүйене отырып, жұптасып диалогқа түседі.

Тірек сөздер: қызықты, қолөнер, айналысамын, армандаймын, шебер болғым келеді,бос уақытта.

Сұрақтар:

Суреттен нені байқадың?

Қай өнер түрімен айналысасың?

Қолөнермен айналысу қаншалықты қызықты?

Дескриптор:

  • тақырып бойынша берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді.

Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=935UBEm0gg0

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«60 секунд» стратегиясы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Қызықтыратын өнердің бір түрінен ақпарат дайында.

Слайд

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу