Менің әжем - ісмер №10 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Менің әжем - ісмер №10 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну

3.​3.​2.​1 жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1 мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/сипат тау мәтінін анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Оқыған мәтіндегі негізгі ойды түсіну
  • Мәтіннің жанрын анықтау

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін жанрын анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі: мәтіндегі қажетті ақпаратты табады, мәтін жанрын анықтайды, мәтіндердегі ақпараттарды салыстырады.

Оқушылардың кейбірі: мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Бағалау критерийлері

Оқыған мәтіндегі негізгі ойды түсінеді.

Мәтіндердің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

Лексикалық минимум

Кілем, тоқу

Грамматикалық минимум

Мәтін құрылымы

Есімдіктердің септелуі

Менің, маған, ол, оның

Құндылықтарды дарыту

Қазақтың ұлттық өнерінің ерекшеліктерін біледі, ұлттық өнерді құрметтеуге, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді.

Пәнаралық байланыстар

әдебиет, өнер

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

Ою-өрнек

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

(Ұ) «Иә» және «Жоқ» ойыны.

  • Сандық ағаштан жасалады.
  • Сандыққа киім, ыдыс салады.
  • Сандық домалақ болады.
  • Сандықты оюмен безендіреді.
  • Сандық төртбұрышты болады.
  • Сандық – орыс халқының бұйымы.
  • Оюдың бір түрі болады.
  • Құс қанаты деген ою болады.
  • Оюды ыдысқа, киімге, сөмкеге салады.

Үй тапсырмасын тексеру

(Ө) Жаттауға берілген өлеңдегі жолдарды толықтыру.

Көрші әжей ____________,

Барып тұрам күнде мен.

Құрмет тұтып ____________ ,

___________ үйренем.

____________ сүйеніп,

Қайран қалып ____________.

Көре білсең түсініп,

Одан көп _______ ұғасың.

«Балмұздақ таяқшалары» әдісімен бірнеше оқушыдан өлеңді жатқа сұрау.

Сыныптастары «3 шапалақ» әдісімен бағалайды, пікір айту арқылы себебін түсіндіреді.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Оқыған мәтіндегі негізгі ойды түсінемін.
  • Мәтіннің жанрын анықтаймын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс.

Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту

Тоқу, кілем

Сөз тіркестері мен сөйлемдер құру.

Оюлы кілем, кілем тоқу

Тіл дамыту сұрақтары:

  • Кілемді қайда іледі немесе жаяды?
  • Кілемді неден тоқиды?
  • Кілемді қалай безендіреді?

(Ж) Екі мәтінді оқып, мазмұнымен танысады.

Алтын қолды әже

Бірде Айжан көшеге ою салынған кішкентай сөмкесімен шықты. Оны көрген құрбысы Дана:

-Қандай керемет сөмке! Бұны қайдан алдың? -деп сұрады.

-Бұл – әжемнің сыйлығы. Менің әжем бәрін жасайды. Кілем тоқиды, кесте тігеді, – деді Айжан мақтанып.

- Әжеңнің қолы алтын екен, - деді Дана.

Менің әжем - шебер

Менің әжем әсем кілем тоқудың шебері. Ол түрлі кілемдер тоқиды. Маған да үйретеді. Әжем кілемге қызыл, жасыл, сары оюлар салды. Әжемнің жасаған кілемі әдемі болды. Кілем маған ұнады.

(Ж) Мәтін мазмұны бойынша кестені толтырады.

Сөйлемдерді оқып, қай мәтінге сәйкес екенін анықтайды.

Мәтіннен үзінділер

Сөйлемдер қай мәтіннен алынған?

Алтын қолды әже

1

Қыз оюлы сөмкесімен көшеге шықты.

+

2

Әжесі кілемге түрлі түсті оюлар салды.

+

3

Құрбысы сөмкені көріп таңқалды.

+

4

Әжесінен кілем тоқуды үйренді.

+

5

Оюлы сөмке – әжесінің сыйлығы.

+

6

Әжесі кесте тігеді.

+

“Пайыздық көрсеткіш”(өзіңді бағала)

100% 75% 50% 25%

Сергіту сәті

 “Севен-ап” ойыны: Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам “Жеті” деудің орнына, орнынан тұрып, “Севен-ап” деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.

(Т) Венн диаграммасы бойынша екі мәтіндегі ақпаратты салыстырады.

Дескриптор:

  • Екі мәтіннің ерекшелігін айтады.
  • Ұқсастығын табады.
  • Жанрын анықтайды.

Ықтимал жауаптар:

Ұқсастығы:

Әжелері туралы айтылған.

Әжелері ісмер адамдар.

Әжелері кілем тоқиды.

Әжелері оюды жақсы салады.

Әжелерімен мақтанады.

Өнер туралы

Айырмашылығы:

1-мәтін: әңгіме, әжесі өзі жасайды

2-мәтін: әңгімелеу мәтіні, әжесі немересіне үйретеді

Қабілеті жоғары оқушылар жанрлық ерекшеліктерін түсіндіреді.

Үлгі: әңгіме, өйткені әңгімеде кейіпкер және қысқа сюжет болады.

(МК, Ұ) Алтын қолды әже жегенді қалай түсінесіңдер?

(қабілеті жоғары оқушылар өз сөздерімен түсіндіреді)

Ықтимал жауап:

Әжесі шебер адам, көп заттар жасайды

«Он саусағынан бал тамған» деген тұрақты тіркестің мағынасын айтып кету (қабілеті жоғары оқушылар үшін)

(Ө) Әр оқушы өз отбасындағы өнері бар адам туралы мәтін құрап жазады.

Бірнеше оқушының жұмыстары тыңдалады, пікір айту арқылы бағаланады.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Оқыған екі мәтіннің біреуін мазмұндау.

Рефлексия:

Мені ... қуантты.

Мені ... таң қалдырды.

Мені ... ойландырды.

Мен ... көп мәлімет білдім.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу