Ою сыры №9 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)
5- бөлім
Жанды табиғат
9-сабақ
Ою сыры
Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын дамыту көзделеді. Оқыған мәтінді қысқаша мазмұндау, жанрын анықтау, жанрлық ерекшеліктерін түсіндіре білу сияқты тапсырмаларды орындайды. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтауға көңіл бөлінеді.
Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
Көптеген оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.
Кейбір оқушылар: мәтіннің жанрын, жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, өз ойын дәлелдейді.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Сабақты сыныпта жағымды орта қалыптастыру мақсатында бір біріне жақсы тілек айтудтырудан бастаңыз. Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.
«Ою, сандық» сурет арқылы меңгертіп, «бұрын» сөзінің антонимін (қазір), синонимін (баяғыда) айту арқылы меңгертіңіз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз., сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз.
Бұдан кейін оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту үшін төмендегі сұрақтарды қойыңыз:
- Мына оюлар неге ұқсайды?
- Мұндай оюларды қайдан көрдіңдер?
Ықтимал жауаптар:
Құс қанаты- ұшып келе жатқан құстың қанатына ұқсайды,
қошқар мүйіз – қойдың мүйізіне ұқсайды
гүл- гүлге ұқсайды.
Оюларды сандықта,ұлттық киімде,көрпе-жастықта, кілем, ыдыстарда болады.
Оюшы - ою оятын, салатын адам
Оқылым тапсырмасын орындамас бұрын мәтін түрлерін, жанр түрлерін естеріне түсіріңіз. Мәтін түрлері туралы ақпаратты https://imektep.kz/kz/matin сайтынан тыңдатуыңызға болады. Оқылым тапсырмасын топта орындайды. Топтарға қабілеттері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз(дифференциация).. Содан кейін тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін түсіндіріңіз. Дескрипторды алдын- ала ұсыныңыз.
Дидактикалық мәтіндерді (әңгімелеу мәтіні, мақал, өлең) қиып таратып беріңіз. Топтарға дидактикадан жанрлық ерекшелікті көрсететін сөздер мен сөз орамдары ұсынылады. Оқушылар солардың ішінен өзіне берілген жанрға қатыстыларын іріктеп алып, дәлелдеу барысында қолданады.
Топтар жұмыс жасап жатқанда, қастарына барып тыңдаңыз. Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Жазылым тапсырмасын оқушылар өздігінен орындайды. Тапсырманың алдында қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдегі сөздердің ретін түсіндіріп берулерін сұраңыз. Берілген сөздерден сөйлем құрайды. 1-2 оқушының жауаптарын тыңдап, кері байланыс беріңіз.
Сабақты бекіту кезеңінде «Ою жасауды үйрену керек пе? Неге?» деген сұрақты қою арқылы құндылықтарды қамти аласыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылардың өздеріне пікірлерін айтуға мүмкіндік беріңіз. Жауабын бірден өзіңіз айтудан аулақ болыңыз. “Қорытындылаушы” ойынын жүргізуге болады. Сабақ басында “Қорытындылаушы” рөлін алған оқушы сабақ соңында жұмыс барысын жалпылай отырып, өтілген тақырып бойынша мәселенің түйінін, өте маңызды жайларды сараптап айтады.
Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Үйде сабақта оқыған өлеңді жаттап келуге беріңіз. Жаңа сөздерді естеріне сақтауға көмек береді.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз.
Бүгін сабақта не үйрендің?
Не қиын болды?
Тағы не білгің келеді?
Рефлексия жасау барысында сөйлеу дағдысы дамиды, сондықтан бірнеше оқушыға рефлексия жасатуды ұмытпаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?