Бүгінгі күн өнері №8 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

5-бөлім

Өнер

8-сабақ

Бүгінгі күн өнері

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың айтылым дағдысын дамыту көзделеді. Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді анықтап, тірек сөздер негізінде мәтінді мазмұндай білуге үйрету қажет. Сонымен жазылым дағдысы бойынша сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде қимылды білдіретін сөздерді сөйлемде дұрыс қолдана білу қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтінді әңгімелейді, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды, мәтінді жүйелі мазмұндайды, сөйлем соңына қойылған тыныс белгінің қойылу ережесін түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі: өзі білетін ақпаратымен бөліседі, тақырыпқа қатысты пікірін айтады

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Суреттер галереясын» ұйымдастырыңыз.

Үйде салып келген суреттерін сынып қабырғаларына іліп, өз суретінің мазмұнын қысқаша айтып береді. Дауыс беру арқылы «Ең әдемі салынған сурет», «Ең мағыналы сурет» номинацияларын анықтаңыздар.

Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.

Жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін, мүмкіндік болған жағдайда, ұсынылған сайттардан бейнематериалдар көрсетіңіз.

Бейнематериал көрсету (1.30-2.22 уақыт аралығы )

https://www.youtube.com/watch?v=PS247HCP2VY

Эбру -судың бетіне сурет салу

https://www.youtube.com/watch?v=sFig-_b1ljQ

Құммен сурет салу (0.00- 0.24 уақыт аралығы)

Сөйлеу дағдыларын дамыту үшін, бейнематериалдар бойынша төмендегі сұрақтарды қойыңыз:

  • Саған бүгінгі күн өнерінің қай түрі ұнады? Неліктен?
  • Осы өнермен айналысатын таныстарың бар ма?
  • Басқа түрлерін білесің бе?

Тыңдалым тапсырмасын жұпта орындайды. Жұптарға қабілеттері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз. Содан кейін тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін түсіндіріңіз. Дидактикалық құралдан сөздер сызбаны әр жұпқа таратып беріңіз. Тыңдалым мәтінін өзіңіз оқып беруіңізге болады немесе аудиожазба дайындауыңызғБір рет тыңдағаннан кейін, 1-2 минут уақыт беріңіз. Содан кейін екінші рет оқыңыз. Сызбаға тірек сөздерді жазу тапсырмасын әр оқушы өзі орындайды да, жұбына сызбаға сүйене отырып, тыңдаған мәтін мазмұнын әңгімелейді. Жұптар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды. Әңгімелеп жатқанда қастарына барып тыңдаңыз. Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

Тапсырманы орындап болған соң, сергіту сәті ретінде “Атомдар мен молекулалар” ойынын ойнатыңыз. Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

Жазылым тапсырмасын оқушылар өздігінен орындайды. Сөйлем соңына тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазады. “Таңдамалы тексеру” әдісін жүргізіңіз. Мұғалім оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексереді. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді. Қабылдау деңгей жоғары оқушылар тыныс белгісін қойылу ережесін түсіндіреді.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Фельтинг, гжель өнері туралы ақпарат іздеу(анықтамалықтан, ғаламтордан, энциклопедиядан) және 5-6 сөйлем көлемінде айтып беру.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Таныстырылымда көрсетілген «Тілек беті» әдісі бойынша сабақта қызықты болған нәрсені айтып, қандай кедергілер болғанын айтып береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу