Бүгінгі күн өнері №8 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүгінгі күн өнері №8 сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

3.​2.​4.​1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау

3.​4.​3.​1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімелеп айту
  • Сөйлем соңына тыныс белгілерді дұрыс қою

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтінді әңгімелейді, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды, мәтінді жүйелі мазмұндайды, сөйлем соңына қойылған тыныс белгінің қойылу ережесін түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі: өзі білетін ақпаратымен бөліседі, тақырыпқа қатысты пікірін айтады

Бағалау критерийлері

Тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтайды.

Мәтіннің мазмұнын сурет және тірек сөздер арқылы мазмұндайды.

Жай сөйлемнің соңына тыныс белгілерді дұрыс қояды.

Лексикалық минимум

Бояу, өрнек

Грамматикалық минимум

Қимылды білдіретін сөздер

Құндылықтарды дарыту

Бүгінгі күн өнерін ерекшеліктерін біледі, өнерлі, білімді азамат болу үшін көп оқып, еңбектенудің маңыздылығын түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, сурет, өнер

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, бейнематериалдар

Бастапқы білім

Сурет көрмесінде

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

(Ұ) «Суреттер галереясын» ұйымдастыру

Үйде салып келген суреттерін сынып қабырғаларына іліп, өз суретінің мазмұнын қысқаша айтып береді.

«Ең әдемі салынған сурет», «Ең мағыналы сурет» номинацияларын анықтау.

Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • Тыңдаған мәтіннің тірек сөздерін анықтаймын.
  • Мәтін мазмұнын әңгімелеймін.
  • Сөйлем соңына тыныс белгісін дұрыс қоямын.

 

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК, Ұ) Жаңа сөздердің мағыналарын меңгерту

Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту

өрнек бояу

Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Әртүрлі өрнектер, өрнектер салу, бояуды тамызу, бояумен бояу

Бейнематериал көрсету (1.30-2.22 уақыт аралығы )

https://www.youtube.com/watch?v=PS247HCP2VY

Эбру -судың бетіне сурет салу

https://www.youtube.com/watch?v=sFig-_b1ljQ

Құммен сурет салу (0.00- 0.24 уақыт аралығы)

Бейнематериалдар бойынша сұрақтар қою:

  • Саған бүгінгі күн өнерінің қай түрі ұнады? Неліктен?
  • Осы өнермен айналысатын таныстарың бар ма?
  • Басқа түрлерін білесің бе?

(Ө) Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдайды. Сызбаға тірек сөздерді жазады.

Тыңдалым мәтіні

Менің әпкем сурет салғанды жақсы көреді. Ол «Қылқалам» үйірмесіне барады. Ол эбру әдісімен сурет салады. Судың бетіне бояу тамызады. Сосын қылқаламмен өрнектер салады. Оның суреттерін көрмеге алды. Досым графитти әдісін жақсы көреді. Ол ғимараттардың қабырғаларына сурет салады. Ал мен оригами өнерімен айналысамын. Маған бұл өнер қатты ұнайды.

  • Сызбаға сүйеніп, мәтінді жұбына әңгімелейді.

Дескриптор :

  • Мәтін бойынша тірек сөздерді жазады;
  • Мәтінді жүйелі әңгімелейді;
  • Сөздерді дұрыс байланыстырады.

Жұптар бір-бірін дескриптор бойынша бағалайды.

Сергіту сәті.

 “Атомдар мен молекулалар” ойыны: Жүргізуші “атомдар” деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де, “молекулалар, бесеуден” немесе “молекулалар, үшеуден” деген кезде, бес немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса, айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.

(Ө) Жазылым. Сөйлем соңына тыныс белгілерін қойып, көшіріп жазады.

  • Қандай әдемі сурет
  • Оригами жасау өнері саған ұнайды ма
  • Қағаздан әртүрлі мүсіндер жасауға болады
  • Оригамиді қай елде ойлап тапқан

“Таңдамалы тексеру” әдісі: Мұғалім оқушылардың жазған жұмыстарының ішінен теріп алып, тек бірнешеуін ғана тексереді. Қайсысын тексеретінін ешкім де білмейді.

Қабылдау деңгей жоғары оқушылар тыныс белгісін қойылу ережесін түсіндіреді.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы:

Фельтинг, гжель өнері туралы ақпарат іздеу (5-6 сөйлем және әңгімелеп айтып беру.

Рефлексия

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу