Сурет көрмесінде №7 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)

5-бөлім

Өнер

7-сабақ

Сурет көрмесінде

Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым және тілдесім дағдыларын дамыту көзделеді. Тақырып бойынша сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап берулері бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде әрекеттің уақытын, қалау рай формасын дұрыс қолдана білу қарастырылады.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, әрекеттің уақытын дұрыс қолданады.

Оқушылардың кейбірі: өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп айтады, диалог барысында монолог қолданады.

Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)

Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.

Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:

Сабақты үй тапсырмасын сұраудан бастаңыз. «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен өлеңді жатқа сұраңыз. Оқушылар пікір айту арқылы бағалайды. Комментарий үлгісі:

  • Өлеңді жатқа айтты.
  • Өлеңді мәнерлеп оқыды.
  • Сөздерді дұрыс айтты.
  • Сөздерге екпінді дұрыс қойды.

Жаңа сөздерді сурет арқылы меңгертіңіз. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құруды тапсырыңыз. Жауаптарына бірден кері байланыс беріңіз. Жаңа сөздерді қолдану мақсатында төмендегі сұрақтарды қойыңыз. Бұл сұрақтарды сыныпқа қойып, бірлесе жауап берулеріне болады немесе жұпта орындауларына болады. Тілдесуге 2 минут уақыт беріңіз. Орындап болған соң, 2-3 жұптың жауабын тыңдап, сынып оқушыларына пікір айту арқылы бағалатыңыз.

  • Суретте не көріп тұрсың?
  • Қабырғаға не ілген?
  • Көрмеде болдың ба?
  • Көрмеде саған ұнады ма? Не ұнады?

Тыңдалым тапсырмасын жеке орындайды. Тапсырманы, яғни оқушылардан не күтілетінін түсіндіріңіз. Тыңдалым тапсырмасы бойынша, оқушылар сұрақтарға толық жауап жазады. Дидактикалық құралдан сұрақтарды таратып беріңіз. Жауапты дәптерлеріне орындауларына немесе кеспе қағазға жазуларына болады. Тыңдалым мәтінін өзіңіз оқып беруіңізге болады немесе аудиожазба дайындаңыңыз. Бір рет тыңдағаннан кейін, 1-2 минут уақыт беріңіз. Содан кейін екінші рет оқыңыз.

Сергіту сәтіне “Белгісіз басшы” ойынын өткізуіңізге болады.

Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қал,андары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.

«Сурет көрмесінде» тақырыбында диалог құру тапсырылады. Жұптастырғанда қабілеттері әртүрлі оқушыларды жұптастырыңыз. Тірек сөздер мен суреттерді дидактикалық құралдардан шығарып беріңіз. Дескриптормен таныстырыңыз. Тапсырманы орындауға 5-7 минут беріңіз. Сөйлесу барысында өзіңіз таңдаған оқушылардың қастарына барып, тапсырманы орындау деңгейлерінің өз дәптеріңізге түртіп алыңыз. Бұдан кейін 2 жұптың жауабын сынып болып тыңдап, дескриптор бойынша бағалайды.

Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. «Суреттер галереясына» сурет салып келу. Суретінің мазмұнын қысқаша әңгімелеу.

Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Таныстырылымда көрсетілген көңіл-күй ағашын таңдайды, себебін түсіндіреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу