Сурет көрмесінде №7 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Сурет көрмесінде №7 сабақ | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау) 3.5.1.3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, әрекеттің уақытын дұрыс қолданады.. Оқушылардың кейбірі: өмірмен байланыстырып, мысал келтіріп айтады, диалог барысында монолог қолданады. | |||||
Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тақырып бойынша диалогқа қатысады. Сөйлеу барысында іс-әрекеттің уақытын, рай түрлерін дұрыс қолданады.
| |||||
Лексикалық минимум | Көрме, іл | |||||
Грамматикалық минимум | Етістіктің шақтары. Бардым, барамыз, бара жатырмын Етістіктің райлары Барғым келеді, барайық, бар | |||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер адамдарының істерінен үлгі алуға, құрметтеуге үйренеді, басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, музыка, өнер | |||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | |||||
Бастапқы білім | Қылқалам шебері | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Өлеңді жатқа айту. «Балмұздақ таяқшалары» әдісімен сұрау және пікір айту арқылы бағалау. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| ||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту Көрме, іл
(Ө) Тыңдалым мәтіні. -Айжан, ертең біздің қалаға көрме болады екен. Сен бұл туралы естідің бе? -Жоқ, естіген жоқпын. Көрме деген не? -Көрмеде ерекше заттар болады. Ол заттарды сен басқа жерде көрмейсің. -Керемет! Мен де көрмеге барғым келеді. Ертең қандай көрме болады? -Атақты суретшілердің суреттері болады. -Маған сурет салу ұнайды. Мен сурет үйірмесіне қатысамын. Айжан, екеуіміз бірге барайықшы. -Жарайды, Настя. Ертең мұражайдың алдында кездесейік! -Сағат нешеде? -Сағат 2-де күтемін. -Онда келістік! Кездескенше? -Сау бол! (Ө) Сұрақтарға толық жауап жазады.
«Балмұздақ таяқшалары» әдісімен бірнеше оқушыдан сұрау және кері байланыс беру. Сергіту сәті “Белгісіз басшы” ойыны: Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қал,андары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады. (Ж) «Сурет көрмесінде» тақырыбында диалог құрады. Дескриптор:
Тірек сөздер мен суреттерді қолданады. Тірек сөздер: Астана, көрме, 2018 жыл, 19 наурыз, өтті, қазақ суретшілері, шығармалары (суреттері), ерекше, бейнелейді
«Менің әжем» «Костюм эскизі» Айша Ғалымбаева Гүлфайруз Исмаилова "Көктем". А.Дүзелханов, 1951 жыл. Мейірім шуағы". К.Муллашев, 1944 жыл. "Қазына". А.Көлке, 2014 жыл. "Таң". А.Мұқанов, 1936 жыл. Сабақты бекіту. Бұл өнер қаншалықты қажет деп ойлайсың? | http://taraztv.kz/kz/news/culture/suret-kormesi-otti
| ||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: «Суреттер галереясына» сурет салып келу. Суретінің мазмұнын қысқаша әңгімелеу. Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? |
| ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды