Қылқалам шебері №6 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
№6 сабақ. Қылқалам шебері
№1 Өлеңді мәнерлеп оқы.
Сурет сабағы
Шіркін сурет сабағы
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын.
Туып-өскен даланы.
Қызыл бояу – қызғалдақ,
Сары бояу -сарғалдақ.
Жасыл бояу – жайлауым,
Іздеп барар армандап.
О.Әубәкіров
№2 Мәтінді түсініп оқы.
Суретші ата
Әбілхан Қастеев атақты суретші болған. Ол ауылда өсті, сондықтан табиғаттың, жануарлардың суреттерін салды.
Әбілхан кішкентай кезінде өнер мектебінде оқыған.
Әбілхан анасына суреттер салуға көмектескен. Әбілхан атаның "Қарындастың портреті", "Автопортрет" деген суреттері бар.
Оқыған мәтін бойынша сөйлемдердің ретін анықта.
Сөйлемдер | Реті(1,2,3) | |
1 | Әбілхан атаның суреттері. | |
2 | Әбілхан Қастеев - танымал суретші. | |
3 | Өнер мектебі |
№3 (Ж) Мәтін мазмұны бойынша 2-3 сұрақ құрастыр.
Дескриптор:
- Мәтін бойынша сұрақ құрастырады.
- Сөйлем құрылымын сақтайды.
№4 (Ө) Сурет бойынша мәтін құрастыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?