Қылқалам шебері №6 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қылқалам шебері №6 сабақ | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, сөздерді дұрыс оқиды, қолдау арқылы сұрақтар құрастырады. Оқушылардың көпшілігі: оқыған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінді мәнерлеп оқиды, мәтін мазмұны бойынша нақтылау сұрақтарын құрастырады. Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша пікірін айтады, ойын сауатты жеткізеді. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Лексикалық минимум | суретші, қылқалам | ||||||||||||||||
Грамматикалық минимум | Сөйлем құрылымы | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер адамын құрметтеуге, үлгі алуға үйренеді. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, сурет, өнер | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Бидің бәрі тамаша | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Бір халықтың биі туралы(қимылдары) қысқаша ақпарат береді. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту суретші, қылқалам
Тіл дамыту сұрақтары:
(Ұ) Өлеңді мәнерлеп оқу Сурет сабағы Шіркін сурет сабағы Ауылды еске салады. Мың құбылтып бояймын. Туып-өскен даланы. Қызыл бояу – қызғалдақ, Сары бояу -сарғалдақ. Жасыл бояу – жайлауым, Іздеп барар армандап. О.Әубәкіров Сұрақтарға ауызша жауап береді.
Өлеңді бірнеше оқушы мәнерлеп оқиды, «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. (Ө) Оқылым. Мәтін мазмұнымен танысады. Суретші ата Әбілхан Қастеев атақты суретші болған. Ол ауылда өсті, сондықтан табиғаттың, жануарлардың суреттерін салды. Әбілхан кішкентай кезінде өнер мектебінде оқыған. Әбілхан анасына суреттер салуға көмектескен. Әбілхан атаның "Қарындастың портреті", "Автопортрет" деген суреттері бар. Оқыған мәтін бойынша сөйлемдердің ретін анықтайды.
(Ж) Мәтін мазмұны бойынша 2-3 сұрақ құрастырады. Дескриптор:
Сергіту сәті “Үй-адам-жер сілкіну” ойыны Қатысушылар үш-үштен топтарға бөлініп, екі адам өзара қол ұстасып үйді құрайды, үшіншісі сол үйде тұратын адам болады. Жүргізуші “Үй” деген кезде, үй боп тұрған екі адам қолдарын жазбастан, келесі адамның үйіне айналуы тиіс. “Адам” деген кезде үйдегі адамдар басқа үйге барып кіруі керек. “Жер сілкіну” деген кезде барлығы тарап кетіп, қайтадан топтарға бөлінуі керек. Осы қимылдардың барысында жүргізуші топтардың біріне қосылып кетеді, ал үйсіз қалған адам жүргізуші болады. (Ө) Жазылым. Суретпен жұмыс. 1. Бұл суретте не бейнеленген? 2. Сурет сенің көңіл күйіңе қалай әсер етеді? «Қадамдық тәсілім»
Тірек сөздер: биік таулар, айдын көл, биік ағаштар, жасыл шыршалар, таза ауа |
| |||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттау Суретші ата Қастеев Бар қазаққа аты аңыз, Қастеев – біздің атамыз. Көріп салған суретін, Мәз-мейрам боп жатамыз. Н.Әлімқұлов Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? |
| |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?