Бидің бәрі тамаша №5 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Бидің бәрі тамаша №5 сабақ | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.1 Оқу түрлерін қолдану 3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/, рөлге бөліп оқу 4.2 Тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу 3.4.2.1 оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін мазмұнын жазады Оқушылардың көпшілігі: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, мәтін мазмұнын өз сөзімен жазады. Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша өзіндік пікірін айтады. | ||||||||
Бағалау критерийлері | Оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Жоспарды, тірек сөзді қолданып, мәтін мазмұнын жазады. | ||||||||
Лексикалық минимум | Биші, қимыл | ||||||||
Грамматикалық минимум | Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бидің адам денсаулығына пайдасын түсінеді. Басқа халықтардың мәдениетіне құрметпен қарауға үйренеді. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, музыка, өнер | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||||||
Бастапқы білім | Әнші болғым келеді. | ||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 5 минут | Үй тапсырмасын тексеру Алдыңғы сабақта өткен тақырыпты, сөздерді еске түсіру мақсатында ойын ойнату. «ИӘ» және «ЖОҚ» ойыны
Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
| |||||||
Сабақтың ортасы 30 минут | (МК, Ұ) Жаңа сөзбен жұмыс. Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы меңгерту Сөз тіркестерін, сөйлемдер құру Биші – би билейтін адам Қимыл (қимыл көрсету арқылы) Қазақстанда атақты бишілер көп. Маған «Қара жорға» биінің қимылдары ұнайды. Тіл дамыту
Суретке қара. Қай халықтың билері? Би қалай аталады? (Ө) Оқылым мәтіні Би – музыкамен түрлі қимылдар жасау өнері. Би өнері ерте заманда пайда болған. Адамдар аңдардың, құстардың қимылдарын биде қолданған. Бидің түрі көп. Олар: вальс, қара жорға, лезгинка, қамажай, балет, брейк. Бишілер әртүрлі қимылдар ойлап табады. Би адамның көңіл-күйін көтереді. Би денсаулыққа өте пайдалы. (Ө) Оқыған мәтіндегі сөздермен жұмыс. Кестенің төрт ұяшығына сөздер жазады. Орындап болған соң, ең жиі қолданатын сөздерді сынып бойынша анықталады. Мүлдем қолданылмайтын сөздердің синонимдерін ұсыну.
1. Мәтін не туралы? А) өнер Ә) би өнері Б) бидің пайдасы 2. Мәтіннің тірек сөздерін анықта. А) би өнері, музыка, қимыл, пайдалы Ә) би, денсаулық, аңдар Б) би, ерте заман, ойлап табады 3. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр және жауап бер. Сұрақ:__________________________________ Жауап: _________________________________ (Ж) Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрады. Ықтимал жауап:
(Ө) Жоспар мен тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұнын жазады. Тірек сөздер: Би, музыка, қимыл, өнер, бидің түрлері, биші, ойлап табады, көңіл-күй, пайдалы. Дескриптор:
Қалаулары бойынша бірнеше оқушы жұмыстарын оқиды. Сыныптастар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды. |
| |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Бір халықтың биін көру және 2-3 қимылын дәптерге жазу. Рефлексия |
| |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?