Әнші болғым келеді №4 сабақ. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
3-сынып (Орта мерзімді оқу жоспары бойынша)
5-бөлім
Өнер
4-сабақ
Әнші болғым келеді
Бұл сабақта да оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым/оқылым дағдыларын қатар дамыту көзделеді. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулері, сөйлем құрылымын сақтап сөйлеулері, мәтін мазмұнын өз сөзімен әңгімелей білулері бағаланады. Сондай-ақ оқушылар негізгі лексикалық минимуммен қатар бірнеше пассив сөздердің мағынасын меңгеріп, қолданады. Грамматикалық минимум ретінде заттың санын, ретін білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білуге үйренеді.
Оқушылардың барлығы: тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы мәтін мазмұнын айтады, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді ажыратады
Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған/оқыған мәтіндердің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап береді және мазмұндайды, заттың санын, ретін білдіретін сөздерді дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: тірек сөздерді орынды қолданып, мәтін мазмұнын айтады, .тақырыпқақатысты білетін қосымша ақпарат айтады.
Мұғалімнің сабақалды дайындығы: (дидактикалық материалдарды қараңыз)
Ресурстарды дидактикалық материалдардан оқушылар санына қарай көбейтіп алыңыз.
Мұғалімнің сабақ барысындағы әрекеті:
Үй тапсырмасын тексеруден бастаңыз. Әр оқушы қасында отырған көршісінің жұмысын тексеріп, пікір айту арқылы бағалайды. Үй тапсырмасын сұрап болғаннан кейін, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыға түсінікті тілмен айтып кетіңіз. Сондай-ақ сабақ барысында қажетінше естеріне салып отырыңыз.
Жаңа сөздерді суретті сөздік арқылы, синоним, анықтама беру арқылы меңгертіңіз. Жаңа сөзді сурет арқылы меңгертіп, сабақ барысында бірнеше рет қолдануларын қадағалаңыз. Сөз тіркестерін және сөйлемдер құруға дағдыландырыңыз.
Әнші- ән айтатын адам
белгілі- атақты, танымал, әйгілі
сахна – әншілер, бишілер, күйшілер өнер көрсететін орын
Бұдан кейін оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту үшін, тірек сөздерді қолдана білуге үйрету мақсатында төмендегі сұрақтарды қойыңыз. Толық жауап беруге ынталандырыңыз.
Тіл дамыту сұрақтары
Ән айтқанды жақсы көресің бе?
Қандай белгілі әншілерді білесің?
Сенің сүйікті әншің кім?
Мәтінді оқымас бұрын атақты әнші туралы не білетіндіктерін сұраңыз.
•Роза Рымбаева кім?
•Ол кісінің қандай әндерін білесің?
Мәтін мазмұнымен танысу үшін «Белгі қойып оқу» әдісін қолданыңыз болмас өзіңізге ыңғайлы әдісті таңдауыңызға болады. Әр оқушы өздігінен оқып отырып, таныс емес сөздің астын сызып отырады. Оқып болған соң, астын сызған сөздерді сыныпқа айтады, білетін оқушылар анықтама беру арқылы, синонимдер айту арқылы түсіндіреді.
Ән байқауы- ән сайысы, талантты балалар қатысады, 1,2,3 орындар береді, сыйлықтар береді. «Бас жүлде» сөз тіркесінің мағынасын таныстырылымнан сурет арқылы, сөйлемдер құру арқылы меңгертіңіз. Мәтін мазмұнымен танысқаннан кейін, дидактикадан сұрақтарды таратыңыз. Әр оқушы өздігінен жауап береді. Сұрақтарға толық жауап берудің қажеті жоқ, бір-екі сөзбен жауап берсе болады. Орындап болған соң, оқушылар көршісімен ауысады да, бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Мұғалім дұрыс жауапты оқиды. Оқушылар көршілерін бағалайды.
«Өте жақсы» - 6 балл
«Жақсы» «4-5» балл
«Талпын» «2-3» балл
«Ойлан» « 0-1» балл
Бұл әдістің орнына басқа дәісті қолдануыңызға болады. Сұрақтарды жеке-жеке қиып, қоржынға немесе сандықшаға салып, кез-келген оқушыны шақыртып, ауызша жауап берулеріне болады. Бұл жерде уақытты үнемдейсіз.
Келесі тыңдалым тапсырмасын топта орындайды. Қабілеттері әртүрлі оқушыларды аралас отырғызыңыз. Тыңдалым мәтінін өзіңіз оқып беріңіз. Бір рет тыңдағаннан кейін, 1-2 минут уақыт беріңіз. Содан кейін екінші рет оқыңыз.
Тыңдалым тапсырмасы.
- Мәтінді екі рет тыңдайды.
- Жоспар құрады.
- Сан есімдерді, тірек сөздерді анықтайды.
- Тірек сөздерді қолданып, жоспар бойынша мәтін мазмұнын шеңбер бойымен әңгімелейді.
Дескриптор:
- Жоспар бойынша әңгімелейді.
- Тірек сөздерді дұрыс қолданады.
- Санды білдіретін сөздерді дұрыс айтады.
- Сөйлемді дұрыс құрайды.
Соңында дескриптор арқылы бір-бірін бағалайды. Әңгімелеп жатқанда қастарына барып тыңдаңыз. Тапсырманы толық орындап болған соң, оқушылар тапсырмаға «Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
Келесі тапсырманы, жоспар құруды бірлесіп орындауларыңызға болады болмаса топта/жұпта орындатуыңызға болады. Жоспарды бірлесіп құру.
- Ән байқауы
- Алтын дауыс
- Ұстаз
Бұдан кейін әр оқушы мәтін мазмұны бойынша 3 ақпаратты дәптерлеріне жазады.
Қалаулары бойынша бірнеше оқушы өз жұмыстарын оқып, сыныптастары бағалайды.
Сабақты бекіту барысында төмендегі сұрақтарды қойыңыз. Бұл сұраққа қабылдау деңгейлері жоғары оқушылар жауап бере алады. Сұрақты топта талқылатуыңызға болады.
- Белгілі адам болу үшін қандай қасиет болу керек?
- Өнерлі адамдардың еліміз үшін қандай пайдасы бар?
Ойларын айтуға талпыныс жасауда қолдау көрсетіңіз. Оқушылардың кез-келген жауабын қабылдаңыз.
Үй тапсырмасын міндетті түрде түсіндіріңіз. Әнші туралы мәтін мазмұны негізінде сөздерден сөйлем құрап жазады.
Сабақ соңында сабаққа рефлексия жасатыңыз. Сабақта қызықты болған ақпаратты айтады, қандай қиындықтар болды, оны қалай жеңе алды, кім көмектесті деген сұрақтарды қойыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?